Қытайдан Достық арқылы өтетін контейнерлік пойыздар саны 26,6%-ға артты

Жаңалықтар
01.07.2026, 08:39
Оқуға 1 мин
Фото автора
Елена Колдасбаева

Собственный корреспондент по Алматинской области

2026 жылдың бес айында Достық станциясы барлық жоспарлы көрсеткіштерді орындап, жүк тасымалын тұрақты қамтамасыз етті деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы кезеңде Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 8,78 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсті. Оның ішінде Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемі 6,45 млн тонна болса, Қытайдан импорт 2,33 млн тоннаға жетті.

Биылғы негізгі көрсеткіштердің бірі – контейнерлік пойыздар санының айтарлықтай артуы. Қытайдан тар табанды жол арқылы 2 054 контейнерлік пойыз қабылданып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 432 пойызға немесе 26,6%-ға көп болды. Олардың 1 086-сы Еуропаға, 778-і Ресейге, 50-і Беларуське және 140-ы Қазақстанға бағытталды.

Ал Қытайға кең табанды жолмен 1 435 контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық.

Станцияның қайта тиеу алаңдарында бес ай ішінде 63 642 вагон, 115 900 контейнер өңделіп, 1,85 млн тонна жүк тасымалданды. Контейнерлер саны бір жылда 20%-ға өсті.

Қазіргі уақытта Достық станциясында бес ірі қайта тиеу кешені жұмыс істейді. Мамандардың үйлесімді еңбегінің арқасында станция халықаралық көлік дәлізінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің маңызды көлік-логистикалық торабы ретіндегі мәртебесін нығайтып отыр.

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде