25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық серіктестікті кеңейтуді талқылады

Жаңалықтар
01.07.2026, 17:53

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Wabtec компаниясының атқарушы вице-президенті және қаржы директоры Джон Олинмен кездесу өткізді. Кездесу Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысы аясында ұйымдастырылды деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар локомотив паркін жаңғырту, сервистік инфрақұрылымды дамыту, өндірісті жергіліктендіру және теміржол көлігінде цифрлық технологияларды енгізу салаларындағы одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Талғат Алдыбергенов Wabtec компаниясы ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Көпжылдық ынтымақтастық локомотив паркінің сенімділігін арттыруға және тасымалдау процесінің тиімділігін күшейтуге ықпал етіп келеді. ҚТЖ локомотивтердің бүкіл өмірлік циклі бойынша, яғни жеткізу мен сервистік қызмет көрсетуден бастап инновациялық шешімдерді, предиктивті диагностика технологияларын енгізуге және мамандар даярлауға дейінгі бағыттарда өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екені айтылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда компоненттер өндірісін жергіліктендіру, заманауи сервистік қуаттарды дамыту және локомотивтердің техникалық жай-күйін мониторингтеудің цифрлық құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыруға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыруға бағытталған стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде