Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ

Жаңалықтар
24.09.2026, 09:15
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Бейжің қаласында өткен Тұрақты көлік жөніндегі жаһандық форумға қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz

Іс-шараға үкіметтердің, көлік саласындағы уәкілетті органдардың, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері жиналып, халықаралық көлік байланысын дамыту, логистикалық тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Мақсат Қалиақпаров Қазақстан үшін көлік-логистика кешенінің стратегиялық маңызын атап өтіп, еліміздің Қытай, Орталық Азия, Каспий өңірі және Еуропа арасындағы негізгі құрлықтық транзиттік буындардың бірі ретіндегі рөліне тоқталды.

Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы 15 жылда елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынды.

Баяндаманың негізгі бағыттарының бірі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесіне арналды. Соңғы бес жылда ТХКБ арқылы өтетін транзит көлемі 3,5 есеге өсті. 2025 жылы контейнерлік тасымал көлемі 77 мың ДФЭ-ге жетті. 2029 жылға қарай транзиттік контейнерлік тасымал көлемін 300 мың ДФЭ-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Форумның маңызды практикалық нәтижелерінің бірі – Тұрақты көлік саласындағы жаһандық даму және ынтымақтастық бастамасының негіздемелік құжатын қабылдау болды. Құжат тұрақты көлік саласында мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, бизнес, ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл үшін көпжақты платформа қалыптастырады.

Вице-министр Қазақстанның көлік жүйелерін халықаралық деңгейде одан әрі цифрлық интеграциялауға, инфрақұрылымдық жобаларды өзара байланыстыруға және Азия мен Еуропа арасындағы кедергісіз көлік бағыттарын қалыптастыруға жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу, инвестициялар мен технологияларды тарту, сондай-ақ Еуразияның көлік-логистикалық жүйесінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында Қытаймен және басқа да серіктес мемлекеттермен ынтымақтастықты жалғастыра береді.

 

ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл