Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ

Жаңалықтар
06.10.2026, 11:46
Оқуға 1 мин

Алматы-1 вокзалында ғимаратты және оған іргелес аумақты жаңарту жұмыстары аяқталуда. Вокзал кеңістігі жолаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруде – күту аймақтары кеңейіп, қауіпсіз және ыңғайлы жағдайлар жасалады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңартылған ғимараттың ауданы 17 мың шаршы метрден асады. Ішінде жолаушылар кеңістігін ұйымдастыру қайта қаралып, күту залы кеңейтілді, жаңа эскалаторлар, лифттер мен ақпараттық таблолар орнатылды. Ғимаратта заманауи инженерлік жабдықтар орнатылған. Мобильділігі төмен  жолаушылардың нысанға қолжетімділігіне және балалары бар жолаушыларға ыңғайлы болуына ерекше назар аударылады. Ғимараттың төменгі бөлігінде, өте берісте  коммерциялық үй-жайлар орналасады.

Жолаушылар үшін модульдік қонақ бөлмелері қарастырылған, сонымен қатар теміржол мұражайы ашылады.

Вокзал алдындағы аумақ та өзгереді. Тұрақ аймағының орнына ағаштар мен гүлзарлары бар абаттандырылған аллея жасалады. Мұнда орындықтар мен демалыс орындары пайда болып, ақпараттық тақта орнатылады. Аумақ вокзалдың жолаушылар кеңістігінің жалғасы және ыңғайлы қалалық аймақ болады.

Конкорс жаңартылады: құрылғысы күшейтіліп, әйнек элементтері қолданылады. Ғимаратта заманауи материалдар қолданылып, шатыр мен қасбет жаңартылады, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі.

Нысанда жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Күндізгі ауысымда 407 адам, түнгі ауысымда 68 адам жұмылдырылуда. Нысанда арнайы техника жұмыс істейді.

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді