Атбасар станциясы: жүк керуендері толастамайды
Атбасар станциясының атауы зерттеулер бойынша «Ат базар», «Ат басар» деген атаудан шыққан делінеді. Тарихы сонау 19 ғасырдың ортасынан бастау алатын станция кезінде шекаралық қосын ретінде бой көтерген, халық шоғыры мол, сауда жолы болған.
Атбасар – бүгінде халықаралық бағдарларға жол бастайтын күре жолдың бойындағы теміржол станциясы. Кезінде ат базары болған станциядан аттанған жүк вагондарының керуендер легі әлі толастаған емес.
Атбасар станциясы бастығының орынбасары Бекжан Сарғасқаевтың айтуынша, бүгінде Қытайға астық жіберумен ел назарын өзіне аударып отырған станцияда осы жылы жолаушы тасымалы да артқан, әсіресе ЭКСПО-2017 кезінде де жолаушылар вагондарының айналымы екі есе артқан.
–Халықаралық көрме өткен кезде 4 Тальго пойызы қосылып, бізден әдетте өтетін 24 жолаушы пойызының қатары өсті. Тәулігіне 4500-дей жүк вагоны айналымда. Станцияда 18 жол бар, оның бесеуі – сұрыптау жолы. Жалпы станцияда жүзге жуық адам еңбек етеді, соның ішінде 13 пойыз құрастырушылар, 5 – станция кезекшілері, 4 - олардың көмекшілері. Ақмола ЖТ бөлімшесіне қарасты станция техникалық жоспарды мүлтіксіз орындап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп отыр, - дейді Б. Сарғасқаев.
Бүгінде 25 мыңнан астам халық тұратын Атбасардың тұрғындарының 2500-дейі теміржолшы екен. Мұнда осынша халықты жұмыспен қамтып отырған теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері бар. Сонымен қатар локомотив, вагон жөндеу зауыттары жұмыс істейді. Айына 1500 вагон тиелетін станциядан негізінен астық, метал жүктері жөнелтілсе, түсірілетін жүктер түрлері - тыңайтқыштар, көмір, отын, жанармай екен.
Дәл қазіргі таңда станцияда жолдың 6 км жерін адам өтпестей биік етіп қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
–Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Қоршау сол бөгде адамдардың жолды кесіп өтпеуі үшін жасалуда. Өйткені, бізде қазір астық тиеу, басқа да жүктер түсіру-тиеу көбейіп, вагон құрастыру жұмыстары жиіледі. Ондай қоршауларда тек теміржолшылар үшін арнайы есіктер болады. Ал халық арнайы көпірмен өтуі керек, - дейді станция бастығынынң орынбасары.
–Айына 4 рет техникалық сабақ өткізіледі. Қауіпсіздік – бірінші кезекте. Ал астықтың Атбасардан жиі жіберілуі - біріншіден жүк жөнелтушілер талабына байланысты болып отыр. Әрі бұған қоса вагондарды тиеп, құрастыруда Атбасар станциясының жолы оңтайлы, ыңғайлы көрінеді,- дейді ол.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды