Ұжымдық шарт  талқылануда

Жаңалықтар
23.01.2018, 13:04
Оқуға 3 мин
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық компания бойынша күшіне енген ұжымдық шарт мазмұнын семейлік теміржолшылар арасында да кеңінен түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Өткен апта соңында бөлімше басшылығы салалық кәсіподақ комитетінің өкілдерімен бірге желі бойына шығып, шалғайдағы жол айрықтары да ақпараттандырылып, ұжымдық шарт қызу талқылануда. Мұндай басқосулар алғашқы кезекте Аягөз, Жарма, Жаңғызтөбе, Суықбұлақ, Шар, Дегелең, Жаңасемей сынды бірқатар ірі станцияларда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Локоть-Семей бағытындағы Ауыл, Белағаш, №41 разъезд, Дүйсекен тәрізді шағын станциялар да тыс қалмады. Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Семей ЖТ бөлімшесі және Семей магистральдық желі басшыларынан тұратын мобильді үш топ құрылған болатын. Бұл бағыттағы шараларға бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы тікелей жетекшілік етіп, назарда ұстап отыр. Теміржолшылардың кәсіби және әлеуметтік өміріне қатысты маңызды тақырып болғандықтан, жиындарға қатысушылар саны мол болды. Сәйкесінше, қарапайым еңбеккерлер тарапынан сауалдар да көп қойылған. Әсіресе, жалақы мөлшерінің өсуі, зейнеткерлік жас, нормалық жұмыс сағаты төңірегінде қызу әңгіме өрбіді. Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Асхат Жармұхамбетовтың айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған аталмыш құжаттың бұрынғысына қарағанда біршама айырмашылығы бар. Бірінші кезекте, бұл жолғы ұжымдық шартта еңбек құқығын қорғау, еңбекті қорғау, еңбеккерлер мен олардың балаларының денсаулығын нығайтуға байланысты әлеуметтік кепілдіктер қатары артқан. Сондай-ақ, материалдық көмек пен жәрдемақылар көлемі өсе түскен. –Баса атап өтер жайт, алдағы үш жылға арналған жаңа құжатта кәсіподақ ұйымдарының рөлі күшейтіліп, қызметкерлердің әлеуметтік, материалдық һәм моральдық әлеуеттілігін арттыруға басымдық берілген. Сондай-ақ, жұмыс беруші тараптың міндеттерін де айқындай түседі. Сондықтан болар, желі бойында өткізілген жиындар барысында теміржолшылар ұжымдық шарт міндеттемелеріне қанағаттанатындықтарын жеткізіп, тиісті құжат талаптарының орындалуын қадағалауымызды өтінді, – дейді Асхат Қажмұхамбетұлы. Жаңа ұжымдық шарттың тағы басқа да ерекшеліктеріне тоқталсақ,   теміржолшылар мен олардың балаларына көрсетілетін бір реттік материалдық көмектің айлық есептік көрсеткіші өскен. Сондай-ақ, зейнеткерлерге арналған жәрдем мен бір реттік көмек бойынша да біршама айырмашылықтар бар. Кәсіподақ басшылығының айтуынша, толықтырылып, жаңартылған құжаттың нұсқасында Семей ядролық сынақ полигоны сынды экологиялық апат аумағында туып-өскені туралы куәлігі бар немесе осы аумақта тұратын теміржолшылардың статусы да нақтыланған. Бұл ретте барлық заңнамалық, құқықтық-нормативтік актілер қағидаттары толық сақталып отыр.    Қазіргі күні бөлімшенің кәсіподақ ұйымы мүшелері үш жылға белгіленген жаңа құжатты толық зерделеп, қажетті пункттердің астын сызып оқып, тіпті маңызды тарауларды жаттап та алып жатыр. Бұл орайда, еңбеккерлер мүддесі үшін құқықтық мәні бар, жиі қозғалатын бөлімдер бойынша арнайы брошюралар әзірлепті.  Яғни, жаңа ұжымдық шарт бойынша толық сауаттылық талап етілуде. Ал, алдағы апталарда «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досановтың тікелей төрағалығымен арнайы кеңес өткізіліп, жаңа ұжымдық шарт бойынша жүргізілетін жұмыстар барысы кеңінен пысықталмақ.    

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды