Орнында бар оңалар...

Жаңалықтар
23.01.2018, 13:09
Оқуға 2 мин
 Маңғыстау вагон пайдалану депосының операторы Қызғалдақ Панабекованың  тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.  Осыдан он екі жыл бұрын шиеттей баламен жесір қалған уыздай жас келіншектің жолдасы Жәнібек  осы депода вагон қараушы болған... – Бүгінде баларым өсті, құдайға шүкір деймін, алды тұрмыста, кішісі 13 жаста. Әкелерінің жоқ екенін білдірмей, ештеңеден тарықтырмау үшін осы жылдар ішінде  демалмадым десем болады. Кейде ауысымға шығар адам болмай бірнеше күн демалмай жұмыс істеген кездерім болды. Жаңа жылда, мереке күндері жұмыста жүреміз,  жұмыстың аты жұмыс. Балаларымды әжелеріне тастап, күндіз де, түнде де жанбағудың қамымен жұмыстан қалған емеспін,– деген Қызғалдақтың тек жолдасы ғана емес, өзі де теміржолшының қызы, теміржолшының немересі. Кезінде атасы Ахмет Панабеков вагон қараушы болса, әкесі Зулкаир Панабеков тепловоз жүргізген екен. Ал бүгінде вагон депосының үлкен-кішісі оны тек өз міндетіне ұқыпты, кәсібіне адал жұмыскер деп қана емес, кешегі көз көргендер жолдасымыз Жәнібектің жесірі, балаларының анасы, ошағының отын сөндірмей отырған шырақшысы деп те сыйлайды, құрметтейді екен. «Аттың орнын тай басар» демекші, Жәнібектің ұлдары да азамат болып әкелерінің орнын басар дәрежеге жетіп отырғаны осы нәзік те болса қайсар рухты келіншектің арқасы, өмір сүруге деген құлшынысы екенін бәрі жақсы түсінеді. «Орнында бар оңалар» деген осы шығар... –Жолдасым Жәнібек Маулимханов 2005 жылы осында екі вагонның арасында қалып қаза тапты. Вагонның ортасын қарап жатқанда вагондарды жіберіп қалып, 12 вагон келіп соғады. Кішкентайым сонда 11 айлық. Мамандығым мұғалім. Декреттік демалыста отырған едім. Ол оқиға қыркүйекте болса, мен қазан айынан бастап осында оператор болып жұмысқа тұрдым. Өзімді Жәнібектің ісін жалғастырып осы ұжымда болуым керек деп шештім. Бүгінде сондай әрекеттің қайталанбауы үшін пойыз хабарлануымен жолға қоршау қоямын. Кейде кейбір вагондар қалып қойып, кейіннен қосылып немесе артық болып алып тасталып жатады. Қоршау қойсам кезекшілер мұндай жұмыстарды жасай алмайды. Вагон қараушылардың өміріне де қауіп төнбейді,– дейді Қызғалдақ Панабекова. Сондай-ақ ол қай пойызға қанша уақытта қарау керек екені бойынша уақыттарын белгілеп кесте сызады. Қаралып болған вагондардың дайындығын беріп, пойыздың кететінін ескертіп, вагон қараушыларды сақтыққа шақырады. Табылған ақаулықтарды тиісті адамдарға жеткізіп, ағытылуы тиіс вагондарды компьютерге енгізеді.  №1,2 жолдардан басқа 18-жолға дейін қоршау қойып, дайындығын беріп отырады.  Бастысы жұмысы өзіне ұнайды. «Міндетім қоршау, кесте, хабарлау. Сол үшеуін дұрыстап атқарсам  қауіп те жоқ, көңілім де тоқ», – дейді Қызғалдақ.

Шахизат Сарина,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды