Ең қатал сынақ
Өткен аптада ел аумағында қалыптасқан аса суық ауа райы Шығыстағы теміржолшыларды да біршама әбігерге салғанымен тосын оқиғасыз өтті. Бірақ, бұл – семейліктер көрмеген құқай ма?!
Құбылмалы климат жағдайында жұмыс істеуге дағдыланған сала мамандары «қыс шілдесіне» күні бұрын даярлық жүргізген болатын. Соның нәтижесінде «түу» десең түкірігің жерге түспей қатып калатын суықта сала жұмысы штаттық режимнен ауытқытқан жоқ. Желі бойындағы жылыну үйшіктері, бақылау постылары, техникалық бақылау бекеттері мен байланыс және сумен қамту нысандары қажетті отынмен толық қамтылғандықтан айрықша көмек қажеттілігі туындамады.
Станциялар мен мекемелер ғимараттары 38-40 градустық аязға байланысты біршама салқындап кеткендігі болмаса, теміржолшылар күнделікті жұмыс ырғағынан жаңылмады. Базбір нысандарда су құбырларының қатуы орын алғанымен, ол жылдам қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, басшылық шешімімен Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері үшін жұмыс уақыты кешкі 17-00-ге дейін, ал жүк тасымалы бөлімшесі үшін кешкі -00-ге дейінгі уақытпен шектелді. Сол тәрізді аязға және ауа райына байланысты қоғамдық көліктер қызметінің қиындауына орай жұмыс уақыты таңертеңгі 10-00-ден басталды.
–Аяз қанша қысқанмен күні бұрын дайындықтың арқасында қиналған жоқпыз, пойыздар қауіпсіздігіне нұқсан келмеді, жұмыс орындарының жылылығы мен кезекшілікке шыққан жұмысшылар қауіпсіздігі назарда болды. Бар кедергі сол – желі бойында ұйымдастырылуы тиіс жоспарға сай және жоспардан тыс белгіленген бірқатар техникалық дәрістер мен тәжірибелік мектеп сынды іс-шараларды белгісіз мерзімге кейінге шегеруге тура келді, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Жомарт Шапишев.
Табиғаттың тосын мінезі салдарынан апатты жағдай орын алып немесе артық шығынға жол берілмеді. Жалпы, қаңтардың 22 күні басталған аяз тек 29 күні ғана қайтқандай болды. Әйтседе, таяу күндерге жасалған ауа райы болжамы бойынша 30 градустық аяз әлі де апта бойы сақталмақ. Сарышұнақ аязға еті үйренген шығыстық теміржолшылар үшін 20-30 градустық суықтар сөз емес десе де болғандай.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды