Ауыр «салмақтылардың» өнімділігі артты

Жаңалықтар
09.02.2018, 11:29
Оқуға 2 мин
Семей ЖТ бөлімшесі жүк тасымалы қызметінде жаңа кәсіби деңгейге көтерілді. Өткен жылдың сараптамалық көрсеткіші мен ағымдағы жылға белгіленген межелі міндеттер осыны айғақтап отыр. Бөлімше бойынша жүк айналымының көрсеткіші алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда 79,7 млн.тонна-шқ неттоға өсіп отыр. Яғни, аталмыш бағыт бойынша бүкіл жыл бойына белгіленген жоспарлар 101,2 пайызға орындалып, Шығыстағы теміржолшылар биыл да діттеген межеден табылды. Жүк тасымалында бірінші кезекте Дегелең станциясына назар аударылған-ды. Бұл тарапта ұзындығы 100 вагоннан тұратын, салмағы 9000 тоннадан артық 29 ауырсалмақты поездардың жөнелтілуі ұйымдастырылды. Дәл осы шараның есебінен көмір тиеу өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион тоннадан астам көрсеткішке жетіп, рекорд жаңартылды. Дегенмен, Семей-Дегелең телімінде 6300 тонналық ауырсалмақты поездарды құрастырудың оң көрсеткішті еселеудегі үлес салмағы анағұрлым басым болып тұр. Жүк жөнелтілімінің 71,9 пайызын құрайтын 9345 ауырсалмақты пойыздарды жолға шығару – тиелген жүктің кідіріссіз жеткізілуіне ашылған тағы бір оңтайлы мүмкіндік болып отыр. Сонымен қатар Ресейдің шеткі нүктесі – Локоттан Ақтоғайға дейінгі пойыздар салмағын 4500 тоннаға дейін өсіру де тиімділікті еселей түскен. Өткен жылдың көлемінде Локоть станциясынан Орта Азияға дәл осындай салмақтағы 63 пойыз құрастырылып, жөнелтіліпті. Бұл шаралар өз кезегінде пойыздарды өңдеу  уақытын қысқартып, транзиттік вагондардың айналымын да тездетуге қолайлы жағдай туғызған. Тағы бір жайт, осыған дейін ұлттық компания бойынша тыңнан қолға алынған эксклюзивті жоба –  шаттл пойызын құрастыру өткен жылы да өнімді нәтиже берген. Бұл ретте, Жаңа-Семей станциясы бойынша ұйымдастырылған шаттл пойызымен 785 вагон тасымалдан екен. Барлығы – 39 жөнелтілім орын алған. Басты жүк жіберуші – тұрақты клиент «Алмикс» ЖШС-нің құрылыс материалдарын жабық вагондармен тасымалдау және «Семей цемент зауыты» ЖШС өнімін хоппер-вагондар арқылы жеткізуді биыл да жалғастыру көзделуде. Сонымен қатар, бұл бағыт бойынша орын алар бір жаңашылдық – жүк жіберу, түсіру бағыттарын кеңейту де межеленген. Айта кетерлігі, осынау аралықта тасымалдау процесіне қатысатын жұмысшылардың еңбек өнімділігі жылдық жоспарға қарағанда 100,3 пайызға орындалыпты. Оның бір себебі – контингент 134 бірлікке азайған. Осының нәтижесінде аталмыш көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жұмыс өнімділігінің 104,3 пайызын құрап, тағы бір тың жаңалық орын алды.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды