Болашағын Болашақпен байланыстырған
Гүлмираның өмірбаяны қызық. Орал облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген. Әкесі есепші, анасы мұғалім. Туған ауылы Базартөбе теміржолдан жырақта орналасқан. Осындай теміржолмен көп алды-бердісі жоқ, өзімен өзі бірсарынды тірлігі қайнаған ауылда өскен Гүлмира қалай теміржолшы болды?
Оның алғашқы игерген мамандығы – мұнайшы. 1981 жылы мектеп бітірген соң Ақтау қаласында тұратын апасының қолына келеді. Түбектегі мұнай өндіруші кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Мекеменің өндірістік жолдамасымен Мәскеу қаласындағы Губкина атындағы жоғары оқу орнына оқуға қабылданады. Сол жақта жүріп тұрмысқа шығып, балалы болады. Осылайша Отанынан біраз жыл алыста жүріп барып туған жерге қайта оралтады. 2002 жылы теміржолға жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа тұрады. Содан бері теміржолшы. 2011 жылы жаңадан ашылып жатқан Болашақ станциясына жұмыс ауыстырады. Оған дейін Маңғыстау, Ақтау порты станцияларында еңбек етеді. Еңбегі еленіп, 2010 жылы Маңғыстау жол бөлімшесі директорының Құрмет грамотасымен марапатталады.
– Болашақ станциясы ашылады дегенді естігеннен алғашқы лекпен осында ауыстым. Ендігі өмірімді Болашақпен байланыстырғым келді. Мұнда мені қызықтырған басты нәрсе – станцияның перспективасы, шекаралық станция статусы болды. Онда жұмыспен, барлық жағдайы жасалған баспанамен қамтылдым. Қазір жұмыста барлық жағдай жасалған, заманауи технология, интернет – бәрі бар. Станция арқылы жүк тасымалы жылдан-жылға жоғарылап келеді. Түркіменстан арқылы Иранға, Ауғанстанға өтетін жүк вагондарына қызмет көрсетеміз. Күнде Түркіменстанға екі пойыз, Түркіменстаннан Қазақстанға екі пойыз өткіземіз. Кей кездері одан да көп. Міндетім – теміржол саласының қауіпсіздігін сақтай отырып, жүкті дер кезінде және ешқандай ақаусыз өз уақытында тапсыру,- дейді бүгінде станцияда аға жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып еңбек ететін Г.Сыдықова.
Теміржол саласында біілмін толықтырып, өз мамандығын жан-жақты игеру үшін «студент» атанар жастан өтіп кетсе де кейіпкеріміз Қазақ қатынас жолдары университетіне түсіп, сырттай оқып жоғары білім алғаны – оның табандылығының нәтижесі екені белгілі.
Бүгінде өзіне ұнайтын, жайлы жұмысы бар, ұлы Дәуреннің де тағдарын теміржолмен байланыстырғысы келгенін қуанан құптады. Станцияда техникалық кеңседе оператор болып еңбек ететін ұлының алғашқы аяқалысына көңілі толады. Гүлмираның арманы – барлық аналардың арманына ұқсас, маңдай терінің жемісін көру, ең бастысы, теміржолдағы еңбегі енді басталып жатқан жатқан жалғыз ұлының, өзін "әже" атандырған немерелерінің Болашақтағы болашағына сенеді.
Шахизат Сарина
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды