«Егер мен станция бастығы болсам...»
Жамбыл бөлімшесінде жас мамандарды ынталандыру және кәсіби тұрғыдан біліктілігін арттыру мақсатында біліктілік шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай байқаудың бірі теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Перспективті маман» атауымен өткізілді.
Шілденің 5-25 аралығында өткен байқауға барлығы 27 теміржолшы қатысты. Әрбір қатысушының өздеріне қойған талаптарын орындауын қадағалаған қазыларға ЖТ Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков төрағалық етті.
– Жалпы, байқау шарты бойынша қатысатын мамандардың саладағы еңбек өтілі бір жыл мен отыз жыл аралығын қамту керек болатын. Алайда, өзіңіз байқағандай, байқауға негізінен жас мамандар қатысуда. Басты талап – болашағынан үміт күттіретін, перспективті маман деуге лайық жандардың кәсібилік пен білімді шеберлікпен пайдалана білуі сынға түседі. Байқауда өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берумен қатар мамандар «Егер мен станция басшысы болсам...» тақырыбында эссе жазды. Сондағы мамандардың толғаныстары, өзіндік көзқарастары салада еңбек етіп жүрген мамандарға да ой саларлық дүниелер екен. Мысалы, байқауда жүлделі орыннан көрінген жас маманның бірі – Бурыл станциясының жүк және тауар қабылдап-өткерушісі Еркін Тұрысмағамбетов өз шығармасында бүгінгі күні ұлттық компания ең басты кіріс көзі – жүк тиелуін арттыру үшін жергілікті жүк жөнелтушілермен етене жұмыс жүргізуді көздегенін жазыпты. Ал, Хантау станциясының пойыз құрастырушысы Жәнібек Жанысбеков салада бар болғаны он ай ғана еңбек етіп келе жатқанымен бүгінгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтындығымен ерекшеленген. Тіпті, жас маман бүгінгі күні темір жолда басқару жүйесінің ескергенін, жаңа технологиялар өмірімізге дендеп енгенімен, әлі де өзгерістердің керек екендігін жазады. Міне, жас мамандардың басшылыққа барғанда лауазым қумай, осындай жаңашылдық іздейтіндігі қуантады, – дейді ЖТ Жамбыл бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары Дархан Құндызбаев.
Байқау қорытындысында «Станция кезекшісі» аталымы бойынша Бурный станциясының станция кезекшісі Қуанхан Қазыхан, «Жүк пен тауарды қабылдап-өткерушілер» аталымында Бурыл станциясының қызметкері Еркін Тұрысмағамбетов, «Пойыз құрастырушылар» аталымында Хантау станциясының пойыз құрастырушысы Жәнібек Жанысбеков жүлделі бірінші орындарды жеңіп алды. Олар алдағы кәсіби мерекеде марапатталмақ.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды