Өткел жөндеуді қажет етеді
Атырау жол дистанциясы бойынша Исатай ауданы аумағында 14 теміржол өткелі бар. Олардың ішінде 13 өткел күзетілмейтін, тек біреуі ғана күзетіледі. Біздің сөз еткелі отырғанымыз да осы күзетілетін өткел жөнінде.
Атырау-Бақсай жол телімінің 255-шақырымында, Чапаев пен Аққыстау селосы аралығында орналасқан аталған теміржол өткелі республикалық Атырау-Астрахань автожолын қиып өтеді. Күніне ол көлік жолы арқылы жергілікті және мемлекетаралық жүздеген жеңіл және жүк көліктері, ал теміржол арқылы тәулігіне 18-20 пойыз өтеді. Әңгіме осы өткел теміржолын жөндеу жөнінде болып отыр. Соңғы уақытта қай өңірде де автокөлік пен пойыздардың соқтығысып қалу оқиғалары көбейіп кетті. Осындай келеңсіздіктің алдын алу – жол қауіпсіздігі және адам өмірі үшін де маңызды мәселе. Соған сәйкес, өткелге бейнебақылау қондырғысы орнатылыпты.
Атырау жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім басшысы Санат Нұғымановтың айтуынша, аталған теміржол өткелі бүгінгі күнде жөндеуді қажет етеді. Рельс ақауын 2 жылдан бері ауыстыруға мүмкіндік болмай келеді. Өйткені, құзырлы органдар – жергілікті әкімдік, жол полициясы тарапынан осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Жолды жөндеуге өтініш білдіріліп, ресми хат жолданғанымен, тұшымды жауап жоқ. Жол басқармасы «Қазавтодор» мекемесіне сілтейді, соңғысы 17 км жолды түгел жөндеуді талап етеді-мыс. Тек ақаулы рельстерді ауыстыру жеткілікті кезде оның не қажеті бар... Сайып келгенде, мәселе сиырқұйымшақтанып, тұйыққа тіреледі.
Жол дистанциясы қызметкерлері 2-3 сағаттық «толаскез» алып, жолды жөндегісі келгенімен, республикалық мәндегі автожолды аз уақытқа өздігінен жауып тастауға құзыреті жүрмейді. Рұқсат керек. Бұл жөнінде Исатай аудандық әкімшілігіне хабарласқанымызда, жауапты маман Еркебұлан Жоланұлы одан хабарсыз екендігін айтып ақталды. Құзырлы органдар осылайша селқостық танытып жүргенде қауіпсіздікке төнген қауіп қалыңдап кетуі ғажап емес. Оның артында жолаушылар тағдыры мен теміржол арқылы тасымалданатын мыңдаған тонна жүк, материалдық және экономикалық шығындар тұр. Құдай сақтасын, әрине, бірақ алда-жалда апатты жағдай бола қалса, обалы кімге? Өткелдегі 25 метр теміржолды ауыстырып, жаңартуды әрлі-берлі сілтеп, сонша ұзартудың не қажеті бар?
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды