Күрделі жөндеуге дайындық

Жаңалықтар
30.03.2018, 16:56
Оқуға 3 мин
Бүгінде ел шығысындағы Аягөз жол дистанциясы қызметкерлерінің әр күні қарбаласқа толы. Кешегі бүкіл елді топалаң келгендей жайпап өткен су тасқынының бетін қайтарғандары сол, белгіленген телім бойларында жүргізіліп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстарын ширатып, алдағы уақытта өтетін, станция басын қамтитын 9,6 шақырымдық күрделі жөндеу жұмыстарына даярлық жасауды бастап жіберген.  Әрине, бұл ретте негізгі күш жолшылар қауымына түсетіні белгілі. Осы қарбалас кезде станция басында кең көлемде жұмыс жүргізіп жатқан аягөздік атақты жол шебері Қазбек Қамбаров пен оның командасын айтпай кетуге болмайды. Қазбек Қасымұлын станция басындағы «Солтүстік қылтада» кезіктірдік. Табиғаттың қолайсыздығына, жауын-шашынды, жердің тоңы жібімеген, аяздың ызғары қайтпағанына қарамастан аягөздік жолшылар білікті жол шеберінің жетекшілігімен бағыттамалы бұрмаларға ағымдық жөндеу жүргізу үстінде екен. – Менің қарамағымда 22 бағыттамалы бұрма бар. Оның 12-сі станциялық жолдарға жатады. Одан өзге қосылған кірме жолдар мен жол өтпелеріне техникалық күтім жүргізудеміз. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда осы ағымдық күтімнің маңыздылығы зор, – дейді жол шаруашылығында 28 жыл тер төгіп келе жатқан жол шебері. Жалпы Солтүстік қылтаға қарасты 6-шы околодкадағы жұмыс қашан да тым қауырт. Мұнда әр телім жекелеген бригадаларға бөлініп берілген. Бүгінде білікті жол шеберінің қарамағында бес бригадир, 15 жол монтері бар. Басты міндет – уақыты жеткен шпалдарды, төсеуіштерді жаңалап, рельстер мен бағыттамалы бұрмаларды мерзімінде әрі сапалы ауыстыру. Сондай-ақ, станция басында ағымдық жұмыстар жүргізу. Қазбек Қамбаров әр бригадаға жұмыс барысын жіті түсіндіріп, тиісті тапсырмалар беруде. Өз ісіне аса мұқият жол шебері техникалық құрылғыларға, жолшыға қажетті құрал-жабдықтарға да баса назар аударады екен. Бұл – отыз жылға жуық қалыптасып қалған әдеттегі дағдысы деуге болады. Сонау қатардағы жолшы болып жүрген жылдары асай-түсейін түгендеп жүретін әдеті. – Теміржолшы үшін қауіпсіздік – басты мәселе. Оның ішінде біздің жұмысымызда, жұмыс барысындағы еңбек қауіпсіздігі өз алдына жеке әңгіме. Сонымен қатар, пойыз қозғалысының, жолаушылардың да амандығы біздің қызметімізбен тікелей байланысты. Міне, нағыз жолшы осының барлығын жан-жүрегімен сезіне білгенде ғана нағыз майталман маманға айналады, – дейді Қазбек Қасымұлы. Қазбек шебер басшылармен бірге ай сайынғы тексеру жұмыстарына да міндетті түрде қатысады. Мұнымен қатар, арнайы бұйрық негізінде айына екі мәрте өзі де жол бойына тексеру жүргізеді. Қырағылық – ең басты қаруы. Жұрт көрмегенді көріп, байқамағанды байқайтын қасиеті көп жылғы қанға сіңген әдеттен қалыптасқан деп санайды. – Таңертеңгісін ғана жарты сағаттық жиын өткізіп, күн тәртібіндегі шаруаны пысықтап алып, жол бойына шықтық. Жұмысқа аттанарда жолшылардың қорғаныш көзәйнектері мен басқа да қажетті керек-жарақтарын Қазбек Қасымұлы өзі түгендеп шықты. Егер жолшылардың қолынан сапасыз еңбек құралын көрер болса, табан астында сөгіс береді, – дейді шебер туралы  6-шы околодканың жол бригадирі Қанат Қуандықов. Бүгінгі таңда атқарылып жатқан шаралар биылғы жылға жоспарланған іргелі шаруалардың тек шағын ғана бөлігі екен. Алдағы уақытта 22 және 21-жол айрықтары аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Демек, білікті жол шебері Қазбек Қасымбекұлы мен оның командасы үшін нағыз еңбек майданы алда деген сөз.

Қуаныш Қожаев, Аягөз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды