Әулеттің үшінші буыны

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:31
Оқуға 2 мин
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Нұрбол Жанділдаевтың теміржол бойындағы еңбек өтілі бар-жоғы төрт жыл. Бірақ атасы сүрлеу салып, әкесі жалғаған теміржолшы әулетінің бай тарихы тұрғанда өзін салаға кеше келген жан санамайды.  Жас теміржолшы еңбек жолын қара жұмыстан бастаған. Сосын Никельтау станциясында электрмонтер болып жұмыс істеді. Кейін Ақтөбедегі электрмен жабдықтау ауданында аға электрмонтер қызметін атқарды. Шалқар ауданының Шоқысу станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген Нұрболдың атасы сол Шоқысуда жол шебері болған, ал әкесі дефектоскоп машинасының операторы. «Атамнан тараған ұрпақ бүгінде Шалқарда, Оралда, Ақтөбеде еңбек етіп жатыр. Ал біз өзіміз отбасыда төрт баламыз. Екі әпкем бар. Інім де теміржолшы, бүгінде әкемнің қасында», – дейді ол. Нұрбол орта мектепті бітірген жылы Ақтөбедегі Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «электрик-механик» мамандығы бойынша білім алады. Оқу бітірген бойда Отан алдындағы әскери борышын өтеп келеді де, араға алты ай салып, болат жолдың бойындағы еңбек жолын бастап та кеткен. «Бүгінде қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты қызметкермін. Біздің қарамағымызда жеті желілік аудан бар. Олар Ақтөбе, Шұбарқұдық, Әйтеке би, Орал, Қандыағаш, Никельтау және Қазақстан станцияларында орналасқан. Пойыздардың үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілуін қадағалап отырамыз», – дейді Нұрбол Жанділдаев.  Жоспар құру, пысықтау, тексеру, қадағалау, т.т. қат-қабат жұмыстан бөлек,  кабинетте отыруды жаны сүймейтін бас маман жол бойына жиі шығып, өндірісті аралағанды, кем-кетікті көзбен көріп, басында шешкенді дұрыс көреді екен. «Отбасы, ағайын-туыстан бөлек жолдастарымның көбі бірге оқыған, қызметтес жігіттер теміржолшылар болғандықтан бізде кез келген басқосуда ортақ әңгімеміз – теміржолдағы жаңалықтар. Кейде өзімді тек теміржолшылардан тұратын мемлекетте өмір сүріп жатқандай сезінемін» деп әзілдейді жас маман. Нұрбол Жанділдаев – екі баланың әкесі. Осы ақпан айының аяғында егіз ұлы Нұрислам мен Нұриман екі жасқа толады екен. Кім біледі, жас отбасында екі бірдей теміржолшы өсіп келе жатқан шығар...

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды