Теміржолшылар, қатарға қосыл!
Халықаралық денсаулық күні құрметіне семейлік теміржолшылар бірқатар іргелі шараларды қолға алды. Салауатты өмір салтын ұстануда осыған дейін де қоғамдық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырып жүрген бөлімшенің кәсіподақ комитеті мен спорт нұсқаушылары денсаулықты сақтауға шақыратын арнайы флэш-моб өткізді.
Бұл күні бөлімшедегі барша теміржолшылар кең аулаға шығып, бір мезгіл бой сергіту жаттығуларын жасады. Әсем әуен аясында гимнастикалық қимылдар жасауға спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова жетекшілік еткен болатын. Аталмыш шараға барлық мекемелердің теміржолшылары жиналды.
Алдымен көпшілік алдында «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов сөз алып, барша жиналғандарды денсаулық күнімен құттықтап өтті. Сондай-ақ, спорттық шараларды өткізуде семейлік теміржолшылардың белсенді екендігін айта келіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын барлық іс-шараларға дәл осылай жаппай қатысуға үндеді.
Расында, денсаулықты нығайтуға тек спорт пен гимнастикалық жаттығулар ғана емес, жарасымды әзіл-қалжың да әсер етеді. Осы орайда көпшілік алдына шыққан бөлімшенің «Жайдарман» клубы мүшелері қағытпа әзілден сыбаға тартты. Осылайша, жанға жағымды күлкі терапиясынан соң теміржолшылар бір кісідей бой сергіту жаттығуларын жасап, флэш-моб өткізді.
Бір бұл емес, осы күнгі шара соңында барша жиналғандар алдында «Никотинді дәруменге» атты акция өткізіліп, шылымға әуестігі бар теміржолшылар әріптестері алдында бұл жағымсыз әдетті тастауға сөз берді. Темекіні дос тұтып келгендер шылым толы қорапты алмаға айырбастап алды. Олардың арасында қарапайым пойыз құрастырушыдан бастап бөлім басшылары, спорт нұсқаушылары да болды. Мұндай шара осыдан екі жыл бұрын да өткізілген болатын. Нәтижесінде бірқатар теміржолшылар шылымға әуестікті мүлдем доғарыпты.
Осылайша, арнайы өткізілген флэш-моб денсаулық сақтау, салауаттылық мәселесінде барша теміржолшыларға ой салғаны анық. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы теміржолшыларды жаман әдеттен арылтып, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатарына қосуды көздейтіндерін жасырмайды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды