Түрксібтен басталған тарих
Түп тарихы Түрксіб теміржолынан бастау алатын Аягөз станциясының өткені шежірелі тарихқа толы. Бұл ретте Аягөз локомотив пайдалану депосы жанынан ашылған салалық мұражай уақыт өткен сайын тың жәдігер, соны деректермен толығып қайта жаңғыруда.
Локомотив шаруашылығының білікті маманы Айдын Бланов жетекшілік ететін іргелі мекеме мұражайға жауапты қарайды. Сондықтан мұнда Аягөз теміржолына қатысты көне жәдігерлер өңірдегі сала қызметкерлері мен ардагерлерден, жалпы қалалықтардан үзбей қабылданып, тарихи құндылық деп бағаланатын жарамды дүниелер сарапталып, қатталып құжатталып мұражайдан орын алады. Сол себептен, мұражай қоры күн санап толыға түскен. Нәтижесінде депо басшылығы жуырда арнайы мүйістер ашып, экспозиция қатарын молайтыпты.
Жалпы, Аягөз локомотив пайдалану депосының мұражайы – қазақ теміржолынан мол хабар беретін ең іргелі орын. Көлемі 200 шаршы метрден асатын мұражай келушілерді жалықтырмайтындай жаңа қырынан көрініс тапқан. Атап айтсақ, Түрксібтің даңқты құрылысшылары фотосуреттері мен сол дәуірдегі қолданылған теміржол аспаптарының өзі талай жайтты аңғартады. Сонымен қатар, Ақтоғай-Семей телімі аралығындағы теміржолмен табиғаттың әсем үйлесімділігі, жергілікті локомотив шаруашылықтарына қарасты басты нысандардың қолдан әзірленген келісті макеттері де арнайы мүйіске қойылған.
Бір бұл емес, аймақ теміржолынан мол мағлұмат беретін байырғы мерзімдік басылымдар мен кітаптар, тарихи фотосуреттер де мұражай төрінен орын алған.
Аягөз бен Жарма – әйгілі теміржол династияларымен даңқы шыққан өңірлер. Осы ретте, Шығыстағы шойынжолда еңбек өтілдері жүздеген жылдарды құрайтын атақты әулеттердің шежіресі мен тарихи фотосуреттері де рет-ретімен қойылған.
– Мұражайға кірген адам бай тарихы бар Аягөз теміржолындағы кешегі-бүгінгі өмірін сезіне білуі қажет. Ал ол үшін мұражай мазмұнды болуы тиіс, – дейді директордың орынбасары Ихлас Ерденов.
Ертегіге бергісіз өткені бар Аягөз теміржолының әлі де ашылмаған беті, тың тарихы бар, оны жаңғыртып жарыққа шығару келер ұрпақтың еншісіндегі жұмыс дейді аягөздіктер.
Қуаныш Қожаев, Аягөз
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды