Жаз – жолды сауықтыру маусымы
Семей жол дистанциясының теміржолшылары үшін биылғы жаз қауырт жұмыспен басталды. Жол сауықтырудағы шаралар көктемгі комиссиялық байқаудан соң күрт қарқын алды. Себебі, жыл аясында жаңа жоспарлар межеленіп, тың міндеттемелер алға қойылған болатын.
Өткен жылы ПЧ-39 мекемесі Дегелең-Семей телімі бойында күрделі жөндеу жұмыстарын қарқынмен жүргізіп діттеген мезгілде аяқтаған еді. Осылайша, ағымдағы жылы Шаған мен Жалпақ станциялары аралығындағы 37,700 км болатын телім ерекше күтімге алынды.
– Қыстан қысылмай шықтық. Сол себепті, биылғы даярлық шараларын да толық пысықтау қажет. Қазіргі күні жыл ауқымында атқарылатын жұмыстардың жоспарын жасап, бекітіп алдық. Техникалардан тапшылық тумайды деп сенеміз. Жазғы жол жөндеу жұмыстары қазірдің өзінде қызу жүргізіліп жатыр, – дейді Семей жол дистанциясының басшысы Рахат Ботаспаев.
Жалпы, жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуы – басты міндет. Сол себептен, станциялық жолдарда да жөндеу жұмыстары іркіліссіз жүргізілуде. Бұл орайда, шаруашылық жүргізу тәсілімен 9,0 км аумақтық телім орташа жөндеуден өткізілмек. Ол үшін әрбір шақырымға 930 текше м қиыршық тас төселінбек. Қазіргі күні жалпы көлемі 9370 текше м құрылыс материалына тапсырыс берілген болатын.
Сондай-ақ, биылғы жылы 4 км жолдың ескірген рельстері ауыстырылып, бірқатар ағаш бағыттамалы бұрмалар жаңартылмақ.
Қазіргі күні станциялар басында ағымдық жөндеу жұмыстары да кедергісіз жүргізіліп жатыр. Әсіресе, Семей қаласының ішіндегі барлық жол өткелдері мен бұрмалар, кірме жолдар, станциядан Ертістегі теміржол көпіріне дейінгі аралық биыл толықтай жолшылардың сүзгісінен өткізілмек.
Бұдан өзге телімнің ең күрделі тұсынан ұзындығы 8 км мал өтуден қорғайтын қоршаулар тұрғызылмақ. Айта кетерлігі сол, Дегелең–Семей аралығындағы бұл шаралар осымен бірнеше жыл бойы үзіліссіз жүргізіліп келеді.
Жалпы, бүгінде дистанция бойынша жол сауықтыру ісінде техникадан, соңғы үлгідегі заманауи жол машиналарынан тапшылық жоқ. Ағымдағы жылы жазғы жол сауықтыру жұмыстарына РМ-8, «Унимат ФМ», «ПРБ», «ВПРС» және шпал ауыстыру үшін қолданылатын «Жейсмар» машиналары жұмылдырылмақ. Мұнымен қатар, ДМ, ПБР, ДГС сынды кешенді техникалар да көмекке келеді.
– Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау мен технологиялық процесс тәртібін сақтау – аса қажетті мәселе. Бұл міндеттемелер аясында да жоспарлы шаралар бар. Оның біріне қысқа даярлық та кіреді. Жол сапасын арттырумен қатар алдағы қысқа да әзірлікті бастаймыз, – дейді дистанцияның бас инженері Мырзабек Керейбаев.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды