Болашаққа – бес жыл
«Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржолының бойында, көрші елмен екі арадағы Болашақ станциясы бес жылдық белесті артқа тастап отыр. 2013 жылы 11 мамырда Қазақстан мен Түркіменстан Президенттері жаңа жолдың тұсауын кесіп, телімнен алғашқы пойыз өткелі – бес жыл.
Алғашында тек теміржол, шекарашылар, кеден қызметкерлері қоныстанған ел шетіндегі елдімекен өсе келе мектеп, балабақша салынып, ауыл әкімшілігі құрылып, алғашқы жылдары халық саны 200-250-дей болса, қазіргі таңда 700-ге жуықтаған. Бұрынғыдай жан-жақтан қатынап, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын халық жоқ, қазіргі таңда барлығы Болашақ ауылына тұрақты түрде орналасқан. Кентте абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары әлі жалғасып келеді. Осының бәрі, әрине, ең алдмен теміржолдың арқасы.
– Жалпы 5 жылдан бергі көрсеткішке келетін болсақ, транзитті жүктер жылдан жылға аздап болса да артып келеді. Болашақ ашылғаннан бері 1145 пойызды тапсырып, 1306 пойызды қабылдап, жалпы жүк айналымын 3 799 464 тоннаға жеткіздік. Станциямыз жаңа болған соң ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Біздің Болашақ станциясында жұмыс жасап, Маңғыстау өңіріндегі басқа станцияларға және бөлімшеге жоғары лауазымдық қызметтерге өсіп кетіп жатқан мамандар көп, сондықтан біздің станция өсу баспалдағы, трамплин болып тұр десек те болады, – дейді станция бастығы.
2012 жылдың 11 сәуірінен бастап Болашақ станциясында бас инженер, ал 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап осы станцияның бастығы қызметін атқарып келе жатқан азамат бұдан бұрын Бопай станциясы бастығы, Ақбөбек бекетінің кезекшісі, Маңғыстау станциясында жүкті қабылдап-тапсырушы, №15 бекет кезекшісі секілді қозғалыс саласының маңызды қызмет сатыларына өтіп сыналған екен. Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар ауданының тумасы М.Тынышпаев атындағы көлік академиясының «Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру» факультетін үздік бітірген.
Станцияның биылғы жоспары жыл басында бекітілген міндеттерге сай келеді. Келген-кеткен пойыздарға тез және сапалы қызмет көрсетеуді болашақтықтар әдбен меңгеріп алған. Өйткені, олардың бәрі ел экомномикасы үшін маңызды транзит жүктер, экспорттық тауарлар екенін олар жақсы түсінеді.
– Болашақ станциясының Қазақстанның транзиттік әлеуетін қазіргіден де арттырып, отандық өнімдердің жаңа нарыққа шығуына жол ашатын мүмкіндігі әлі де мол. Болашақ-Серхетяка – Парсы шығанағы елдеріне шығатын трансұлттық теміржол дәлізінің Қазақстан, Түркіменстан және Иран елдерінің жүк ағындарының теңізге шығу жолы. Теміржол желісі арқылы негізінен астық, мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Жүк көлемін жылдан жылға біртіндеп арттыру жоспары тұрақты түрде жүзеге асып келеді, – дейді станция бастығы.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды