Торқалы тоқсан жаста

Жаңалықтар
22.05.2018, 14:15
Оқуға 3 мин
Есімі елге танымал теміржолшы ардагер, сұрапыл соғыс жылдары тылда еңбек етіп, ұзақ жылдар теміржол саласында басшылық қызметтерде болған Павел Синица биыл 90 жасқа толып отыр. Павел Синица қарапайым шаруалар отбасынан. Әке-шешесі Қандыағаш маңындағы Жұрын ауылына қарасты Димитровка совхозында еңбек еткен. Павел де азын-аулақ білім алған соң, ата-анасымен бірге егіс алқабында еңбек етеді. Алайда, Ұлы Отан соғысы жас жігіттің өміріне өзгерістер енгізеді. «Отбасымызда теміржолшы болмаған. Соғыс жылдары ауыл жастарының тылда еңбек ету керектігі туралы ел басқарған азаматтардың бұйрығы шыққан болатын. Бірақ, теміржолда адам қолы жетіспей жатса керек. Партия мен үкіметтен хатшылар келіп, әскери комиссариат бізге темір жолға жұмысқа тұруымызға тапсырма берді», – дейді Павел алыста қалған балалық шағын еске алып. Павел теміржолға стрелочник болып жұмысқа тұрады. Бұл кезде ол он төрт-он бес жастар шамасында еді. Сұм соғыс Павел мен оның қатарластарын ерте есейтті. Өз бетімен еңбек ете  жүріп ол, теміржол жұмысының қыр-сырын игере бастайды. Тіпті, аз уақытта қызметі де бірте-бірте жоғарылап, мойнына жауапкершілік бұрынғыдан да көбірек артыла түседі.   «Станция кезекшісі,  диспетчер, аға диспетчер қызметтерін де атқардым. Қозғалыс және жолаушылар тасымалы бойынша бөлім басшысының орынбасары болып тағайындалдым. Еңбек жолым мені басшылық қызметтерге дейін көтерді», – дейді Павел Синица. Ол уақытта Ақтөбе жол бөлімшесі кеңес одағындағы ең ірі бөлімшесі болған екен. Өйткені, Орал бөлімшесі Ақтөбе қарамағына кірген. Ал бөлімше басшысының орынбасары болған Павел Павлович Орал бөлімшесіне толығымен жауапты болыпты. «1969 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) өңірінде жол жұмыстарын игеру керек болды. Маған сол өңірге барып жұмыс істеуге ұсыныс түсті. Бастапқыда мен отбасымды алға тартып, басшылыққа Гурьев өңіріне бара алмайтынымды айттым. Содан бір сапардан үйге оралған бойым еді. Дереу Алматыға, Қонаевқа жетсін деген тапсырма келді. Ертеңіне қабылдау бөлмесінде болуым керек екен. Ал пойыз екі күн жүреді. Содан не керек, Ақтөбеге жанар-жағармай құйдырып алу үшін қонған Одессадан Алматыны бетке алған ұшаққа өңірдегі биліктегі азаматтардың ықпалымен отырып кеттім. Содан Дінмұхамед Қонаевпен кездесуге бардым. Ол сені Гурьевке жіберіп жатырмыз, ал сен бас тартыпсың, бір мәселе бар ма?» дей бергенде, мен баруға шешім қабылдағанымды қалай айтқанымды өзім де білмей қалдым.  Маған Қонаев өте парасатты, мәдениетті әрі ақылды адам болып көрінді, сол себептен  ол кісінің көңілін қалдырғым келмеді», – дейді Павел ақсақал. Павел Синица Атырау бөлімшесіне білек сыбана кіріседі. Мұндағы көрсеткіштер пайызы еселеп жоғарылай бастайды. Жүк тасымалы, бөлімше жұмысы, т.б. көрсеткіштер жоспардағыдан асып түседі. Гурьев бөлімшесінің ұжымының ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында Гурьевтегі жүк айналымы 6 жылда 6,8 есе артып, өзіндік құн 2,4 есе төмендейді. Ал еңбек өнімділігі 2,7 есеге көтеріледі.  Теміржол саңлағы 1991 жылы зейнет демалысына шығады. Теміржолды өмірінің  ажырамас бір бөлігіне айналдырған теміржол ардагері ұзақ уақыт үйде отыра алмай, теміржол мекемелеріне барып, теміржолшылармен кездесіп, тәжірибесімен бөліседі.  2001 жылдан бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ  жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі. Қарт теміржолшы – теміржолшыларға сыйлы, құрметті адам. Павел Синица бүгінде Ақтөбеге жақын маңдағы ауданда тұрып жатыр. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеген теміржол ардагері торқалы тоқсан жас белесінде. Павел Павловичке деніңіз сау болып, жүз жасаңыз демекпіз.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды