Бурылдықтар бұйымтайы еді

Жаңалықтар
08.06.2018, 15:57
Оқуға 2 мин
Құрылысы өткен ғасырдың 1946 жылдары басталып, 1948 жылы аяқталған Бурыл станциясы бір кездері облыс орталығы Тараз қаласының шетінде орналасқан болса, бүгінде қала кеңейіп, станция орталыққа қарай ығысқан. Әу бастан станцияда жаяу жүргіншілерге арналған жол қаралмаған болатын. Тіпті заң жүзінде де станцияда пойыздардың тоқтауына рұқсат жоқ. Алайда, қазір станция аумағынан жаяу жүргіншілер легі көп өтетін болғандықтан, мұнда қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі көбейгені анық. Ел ішінде «Тастақ» аталып кеткен бұл аймақта бүгінгі күні алты мыңға жуық адам тұрады. – Жаяу жүргіншілер жолын салып беруді өтініп бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз жоқ. Осы төңіректегі жұрттың қолын жинап, талай әкімдердің жиналыстарында өтініш білдірдім. Барлық кезде құрғақ уәде алып, жол үстінен аспалы көпір салуға қаржы да бөлінеді деген. 70 жылдан астам уақыт өткенде тұрғындардың талап-тілеген өзіміз осы округтен сайлаған Тараз қалалық мәслихатының депутаты орындап берді. Депутат Нариман Мауленов қажетті құжаттарды заң жүзінде жасақтап, Астанадан рұқсат алып, арнайы жол белгілерін қойып, жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұрын «Тасқақ жолы, туфлидің соры» дегенді жиі еститінбіз. Енді бұл жол қауіпсіз, сапалы, әрі ыңғайлы. Бетон құйылған жол рельстерге кедергі келтірілмейтіндей етіп жасалынған, – дейді жергілікті тұрғын  Оразбек Өскенбай. Бұл жұмыстың басы-қасында Бурыл станциясының бастығы Айдын Файзуллаұлы да қолынан келген көмегін көрсетіп, арнайы мамандардың жұмысты қадағалауын ұйымдастырып  бірге жүріпті.  Жалпы бурылдықтардың бұйымтайын орындауға көп уақыт кетпепті. Тек Астанадан рұқсатты ұзақ күткен. Тұрғындар таңертең балаларын балабақшаға пойыздың арғы бетінен бергі бетіне тасиды. Кешке қайтар кездерінде қолдарында азық-түліктері және де балалары бар, кейбіреулер пойыздың астынан да өтуге мәжбүр болған екен кезінде. Өйтпесе тағы болмайды дейді олар. Өйткені, жолда пойыз тұрған кезде «тоқтаңыздар», «күте тұрыңыздар, қазір пойыз жүреді» деген хабарламаны тыңдап, пойызды күтем деп автобустан қалып, мектеп пен жұмысқа кешігіп калған жағдайлар өте көп кездесіпті. Бүгін, міне, осылайша бурылдықтардың тағы бір проблемасына нүкте қойылды.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды