Бәрі де жүлдеге лайық  

Жаңалықтар
26.06.2018, 12:32
Оқуға 2 мин
Семей ЖТ бөлімшесі қызметкерлерінің балалары түрлі деңгейдегі қоғамдық шаралардан шет қалмайды. Мәселен, биыл да бірқатар өрендер ұлттық компания бойынша ұйымдастырылатын «Балауса болашақ» атты сурет байқауына қатысып, жүлде алды.  Айта кетерлігі, биылғы республикалық байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына  арналыпты. Тақырып аясында сынға түскен сурет туындылары арасында семейлік теміржолшылар балаларының да еңбектері мол екен. Мәселен, «Ынталандыру» аталымы бойынша 11 жастағы Арай Бағдатқызының «Астана – Отанымның жүрегі» атты майлы бояумен салған шығармасы, 6 жастағы Әмірәли Диасұлы мен 9 жастағы Іңкәр Дарханқызының елордаға арналған суреті үздік деп танылыпты. Ал, аталмыш байқау бойынша 7-10 жас аралығындағы балалар арасындағы сын бойынша Үміт Ержанқызы жүлделі орыннан табылып, сыйлыққа бағалы планшет иеленіпті. Астана төрінен жеткен осынау сыйлықты бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы балақайларға салтанатты түрде табыс етіп, қуантты. Бұл суреттердің барлығында да бала қиялы, дүниетанымы, Астана шаһарының балалық шақтарындағы маңыздылығы айқын байқалады. Оның үстіне бірқатары осыған дейін де республикалық сайыстарда жеңістерге жетіп жүрген, тәп-тәуір қалам тартады деуге болады. Десек те, байқауға қатысушыларының ішіндегі ең кішкентайы  5 жастағы Нұрали Кәрім бәрінен озды. Ол Астана тақырыбында салған суреті үшін  «көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алыпты. Балабақшаға баратын талабы таудай балдырған ұлттық компания өткізген аталмыш байқаудың арнайы дипломымен марапатталып, естелікке өз жасына сай бағалы ойыншықтар алды. Балаларға марапаттары мен тарту-таралғыларын табыс еткен бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев семейлік теміржолшылар балаларының бәрі де белсенді, бәрі де жүлдеге лайық екендігін атап өтіп, осы бағыттан таймау керектігін де құлаққағыс етті.

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды