«Теміржолшы донорлар» ұйымы

Жаңалықтар
10.07.2018, 13:29
Оқуға 2 мин
Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ерекше шара қолға алынды. Түрлі жағдайға тап болған теміржолшылар мен олардың жақындарына көмек көрсету мақсатында арнайы түрде қан тапсыру ісі жолға қойылды. Аталмыш тың идеяның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы НЖС-6 бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишевтың айтуынша, ынта білдірушілер саны көп. Нәтижесінде ерікті түрде донор атанған теміржолшылар ең кемі үш айда бір реттен облыстық қан орталығына 450 грамнан қан тапсырады. – Соңғы рет Аягөз қаласында тұратын әріптесіміз үшін қан тапсыруға жиналдық. Алдын ала жасалған құлақтандыруға үн қосып, ниет білдіргендер көп болды. Жалпы, бөлімшемізде қалыптасқан ерікті «Теміржолшы донорлар» ұйымы бұл шараға әрдайым сергек қарайды. Сондықтан болар, қан тапсыруға үзбей барып тұратын әріптестеріміздің қатары көп, – дейді бастамашыл топтың жетекшісі. Негізінде Семей теміржолында қан тапсырып, қайырымдылық жасау шарасы бұрындары да болған. Тіпті, Семей магистральдық желі бөлімшесінде осы уақытқа дейін 40 реттен аса қан, 70 рет плазма өткізіп, 500 литрге жуық қан тапсырып, «Құрметті донор» төсбелгісін иеленген кең жүректі теміржолшы да еңбек етуде. – Бұл шараны тек ілгеріде аға буын қалыптастырған игілікті үрдістің жалғастығы, қайта жаңғыруы деуге болады. Сондықтан да болар, дүниежүзілік донор күнінде, түрлі акцияларда белсенділік танытушы теміржолшылар көп, – дейді магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұлов. Қазіргі күні бөлімше бойынша 3042 теміржолшы еңбек етуде. Оның 16 пайызын 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Жаңашыл бастамаға бірінші кезекте солар қолдау білдіріпті.   Қуаныш Қожаев, Семей    
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды