Ауырып ем іздегенше...
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халық тәмсілі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсе ғимаратындағы «Мейірім» медициналық кабинеті мамандары «бас ауырып, балтыры сыздағандарға» көмек көрсетуден бөлек, түрлі вирустық жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарады.
Мысалы, осы айда ақпараттық-насихаттық профилактикалық дәріс «Туберкулез ауруының алдын алу және емделу жолдары» тақырыбында өтуде. Мейірімнің ақ халатты арулары теміржолшылар қоныстанған алып ғимаратты асықпай аралап, ауру ошақтарынан сақтану, алдын алу туралы дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарымен айналысуда. «Мұндай шараның маңызы зор. Егер әр адам туберкулездің алдын алу жолдары мен емдеу дағдылары туралы біліп, дәрігердің кеңесін дұрыс пайдаланса, сырқаттану және өлім-жітімнің көрсеткішін азайтуға болады. «Дерттің басты факторы – иммунитеттің әлсіреуі. Дұрыс тамақтанбау, уақытылы тынықпау, салауаттылықты сақтамау, күйзеліс, суық тию сияқты жағдайлар әсер етеді. Егер бойыңызда шаршау сезіліп, екі аптадан аса жөтеліп, ұйқысыздық, асқа тәбеттің жоғалуы байқалса, бірден дәрігерге қаралу керек», – дейді «Мейірім» медициналық кабинетінің терапевт-дәрігері Аида Байтемірова.
Ал, жалпылама алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін, мұнда барлық жағдай қарастырылған. Қан қысымын өлшеу, қажетті дәрі-дәрмекті беру, тіпті керек болған жағдайда екпе салу сынды шаралар жиі жасалады. Сапалы медициналық алғашқы көмек көрсету үшін кәсіби біліктілік тұрақты жетілдіріліп отырады. Бүгінде «Мейірім» медициналық кабинетінде терапевт-дәрігер мен екі мейірбике жұмыс жасайды. Ақ халаттылар компанияның бас кеңсе ғимаратындағы қызметкерлер аяқасты сырқаттанып қалған жағдайда да шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді екен. Атап айтқанда, қан қысымының көтерілуі, қант диабеті және тағы сол сияқты. Аптаның бес күні бойы таңғы сағат 9 бен 15 аралығы денсаулық сақшысы қызметінде. Күнделікті «бас ауырып, балтыры сыздап» дегендей, түрлі мәселемен мұнда бас сұғатындар саны тәулігіне он адамға жетеді. Алдарына келген жандардың шағымын тыңдап, қан қысымын тексеріп, медициналық көмек көрсетіп, күрделі болса, қай салалық дәрігерге көріну керектігін анықтап, тереңірек ем-дом қабылдауы үшін жолдама беріледі.
Алдағы уақытта жүкті әйелдер, қант диабетімен сырқаттанатын және қан қысымы жоғары адамдарға қатысты ақпараттық түсіндіру шараларын ұйымдастыру жоспарда тұр екен.
Ардақ Зұлқажапқызы
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды