Көмір өндірісіне қолдау қажет

Жаңалықтар
03.09.2019, 10:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның көмір өндірісі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі тікелей тәуелді болып табылатын базалық салалардың бірі. Көмір саласы Қазақстанда электр энергиясының 70 пайыз өндірісін, кокс-химия өндірісінің 100 пайыз тиелімін қамтамасыз етеді және халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың отынға деген қажеттілігін толықтай қанағаттандырады.

Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының мәлімдеуінше, бұл сала экономика үшін стратегиялық маңызды, сондықтан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін сенімді негіз болып саналады.

Қазақстандағы көмір саласы бойынша ғаламдық та, сол сияқты жергілікті сипаттағы да мәселелер баршылық. Мысалы, отын бағасының құбылуы мен көліктік шығындардың көптігі, жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі, шахтерлердің әлеуметтік қорғалуы, шағын қалалар болашағы, т.т. мәселелер.

Көмір экспортының әртараптылығы, жаңа нарықтар мен бағдарлар іздеу – бұл саладағы басты проблемалар. Соңғы онжылдықта қазақстандық энергетикалық көмір нарығы ретінде дәстүрлі еуропалық нарық қалыптасқаны белгілі. Алайда соңғы жылдары Еуроодақ елдерінде экологиялық тараптар қатаңдатылып, көмірден электр энергиясын алу қысқарды, жыл басынан бері Солтүстік-Батыс Еуропада көмір бағасы 33 пайызға түсті. Бұл жағдайлар қазақстандық көмір экспортының Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістан субконтинентті елдері мен Жапония, Оңтүстік Ко рея нарықтарына бағдарлану қажеттілігін көрсетеді.

Көмір тасымалы үшін темір жол – іс жүзінде көліктің баламасыз түрі. Сондықтан да ол Қазақстан темір жолының әлеуметтік жүктер тасымалының негізін құрайды.

Айталық, өткен 2018 жылы 105 млн тоннадан астам көмір тиеліп тасымалданған, бұл 2017 жылға қарағанда 3%-ке жоғары. Ел ішінде оның 74 млн тоннадан астамы тасымалданған, экспортқа 31 млн тоннаға жуық көмір шығарылған. Қазақстанның коммуналдықтұрмыстық қажеттіліктеріне 10 млн тонна көмір тасымалданған.

Ал биылғы 2019 жылы 106,6 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін 72 млн тонна, экспортқа 34,6 млн тонна шығару жоспарланған. Алғашқы 5 айдың қорытындысы бойынша қатты отын тиелімі 41 млн тоннаны құраған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2% кем. Себеп, Жылу электр орталығы қоймаларында бар қорға байланысты техникалық көмірге сұраныс төмендеген.

Мамандардың айтуынша, көмір саласына темір жол тарифтері де айтарлықтай ықпал етеді. Себебі 2019 жылы елде магистральдық темір жол желісі мен темір жол қызметін пайдалану тарифі өсті. Ал кейбір экспорттық бағыттар бойынша темір жол тарифтерінің шетел мемлекеттерінде темір жол көлігімен көмір тасымалдау тарифін қоса алғанда артуы қазақстандық көмір экспортын шығынға батырды. Соған орай «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ алдағы уақытта магистральдық темір жол желісі мен локомотив тартымы қызметі үшін тарифтің өсуін болдырмау мақсатында ҚТЖ-ның тарифтік саясатын қайта қарастыруды дұрыс көреді. Тарифті ұстап тұрудың бір жолы – тариф құру барысында транзиттен түсетін табысты «бірыңғай касса» әдісімен пайдалану деп санайды.

Көлік тасымалына шығынды және елдің ішкі нарығында тұтынушылар үшін көмір бағасын азайтудың тағы бір жолы – темір жол арқылы жекеменшік тасымалдаушыларды дамыту және олардың пайда болуына жағдай жасап, барынша қолдау көрсету. Айта кетерлігі, жеке тасымалдаушылар кейбір бағдарлар бойынша 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап сынақтық режимде жұмыс істей бастаған. Қауымдастық Үкімет пен уәкілетті министрліктің бүгінгі таңда көмір саласына қатысты шешілмей жатқан мәселелерге ерекше назар аударып және соған сай нақты шешімдер қабылдауын қалайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті