Ынтымақтастықтың маңызды механизмі

Жаңалықтар
20.09.2019, 08:47
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше 5 ел теміржол әкімшіліктерінің басшылары 17-19 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында Екінші кездесуін өткізді. Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған көлік саласының мамандары қатысты.

Шараның күн тәртібі бекітілген соң ұйымға мүше-елдердің Теміржол әкімшіліктерінің өзара іс-қимыл Тұжырымдамасы жобасын талқылау басталды. Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан темір жолдарынан келген сарапшылар екі күн бойы талдау-талқылау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Екінші кездесудегі жұмыс тобы туралы Ереже тармақтары мен тармақшалары қайта қаралып, өзгерістер мен толықтырулар бойынша тараптар өзара келісімге келді. Бұл ереже 8 тармақтан тұрады. Соның ішінде Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары туралы тармақта көрсетілген міндеттер Тұжырымдамада анықталған бағыттар арқылы таралып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, тұжырымдама мақсаты – ынтымақтастықты дамыту, осы елдер арасындағы транзиттік әлеуетті анағұрлым тиімді дамыту. Осы жолда кедергілерді жою, теміржолдағы кедендік қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл, техникалық реттеуді жетілдірудің бәрі де осы транзит әлеуетін көтерумен байланысты. Сонымен қатар олар теміржолдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарды да қарастырады. Сондай-ақ қолданыстағы ере желер мен рәсімдерді талдауға бағытталған ғылыми-зерттеу шараларын ұйымдастыру бойынша және жан-жақты жүк және жолаушылар тасымалын тиімді құру жөнінен ұсыныстар дайындайды. Тараптар темір жолды дамыту саласында қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасып отырады. Темір жол жүйелерін дамыту жағынан бағдарламалық құжаттар мен өзге де құжаттарды жасау туралы ұсыныстарды қарастырады. Жұмыс тобының құрамына темір жол қызметіне жауапты уәкілетті өкілдер мен әр елдің басқа да министрліктерінен өкілдер кіреді. 

Сонымен қатар, басқосуда Өзара іс-қимыл тұжырымдамасы, Жұмыс тобы туралы ереже, ШЫҰға мүше мемлекеттер теміржол әкімшіліктері басшыларының 20192021 жылдарға арналған кездесу жұмысының жоспары талқыланды. Күн тәртібінде бірінші кездесудегі шешімдердің жүзеге асырылу барысы, Тұжырымдама жобасы мен Жұмыс тобы туралы ережені және Жоспарды бекіту жайы және Үшінші кездесуді өткізу уақыты мен мерзімін белгілеу жайы айтылды.

Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі бойынша ынтымақтастығы жағдайына қанағаттанушылық білдірді. Олар сонымен қатар халықаралық бағыттағы жүк тасымалын, соның ішінде контейнерлік сервисті дамыту перспективалары туралы, жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жөнінен қабылданған шаралар, инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар өзара іс-қимыл туралы салыстырмалы жыл сайынғы есепті дайындау қажет деген пікірге тоқтады.

Жұмыс жоспарын бірлесе жүзеге асыру ШЫҰ темір жолдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеріне, осы елдерді басып өтетін аумақтардағы көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамытарына, инфрақұрылымның кешенді жаңғыртуға септік етеріне сенім білдірілді.

– Бүгінде көлік саласы жаһандық өзгерістерге ұшырауда. Көлік дәліздері қайта бағдарланып жатқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар анағұрлым жылдам әрі сапалы тасымал түріне сұраныс артуда. ШЫҰ-ның ынтымақтастық аумағын кеңейту туралы бастамаларын Қазақстан қолдайды, осы ұйым аясындағы байланыстар арқасында трансқұрлықтық дәліздердің теңіз тасымалдарына қарағанда әлемдік бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуіміз керек, бүгінгі кездесу және алдағы шаралар осы елдердің экономикалық және өзара тиімді әріптестік қатынастарды тереңдете түсеріне сенім білдіреміз, – деді өз сөзінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарына қатысушы елдердің үйлестірілген жұмысынан да оң нәтижелер бар. Оның негізгі бөлігі болып табылатын Ақтау және Құрық порттарының өткізгіштік қабілеті 26 млн тоннадан асады. 

ТХКБ бойынша Қазақстан аумағы арқылы Еуропадан, Түркия, Кавказ елдерінен Қытайға бағытталған тасымал тарифі үш есе төмендетілді.

– ШЫҰ – жан-жақты ынтымақтастықтың маңызды механизмі және ұйым бойынша сауда-экономикалық өзара ісқимылында өзекті мәселелер шешілетін пікірталас алаңы. Ұйым елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығындағы маңызды бағыттардың бірі – халықаралық көлік дәліздерін дамыту. Бұл транзиттік жүктер логистикасын жылдамдатуға әрі арзандатуға септік етеді. Ұйымға мүше өңірлер негізгі әлемдік нарықтар арасында орналасқан және Азия мен Еуропаны біріктіруші торап ретінде тарихи сипатқа ие. Осылайша ол жаһандық көліктік коммуникациялық біріктіруші ретінде рөл атқарады. Қазақстан сол халықаралық дәліздерді дамытуға күш салуда, көлік инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінуде, – деді «ҚТЖ» ҰК»АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

– Мұндай кездесулердің берер нәтижесі мол. Ташкентте өткен бірінші кездесуде көп сұрақтар туындады. Жұмыс жоспары, жұмыс тобының қай бағытта жұмыс істейтіндігі сөз болды. Содан бері аз уақыт өтсе де, барлық елдер сарапшыларының арқасында ереже мен жоспар да бәрі қолдау тапты. Алдағы бағыттар нақтыланды. Ендігі үш жылға бекітілген жоспар мақұлданды. Осы бүгінгі шешімдерден кейін алдағы уақытта да жүктер көбірек жүретін болады. Әр мемлекетпен қатынасымыз жақсара түседі, – деп пікір білдірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов. Кездесу соңында Хаттамаға қол қойылды. ШЫҰ елдері темір жол әкімшіліктері басшыларының келесі кездесуі Ресейде өткізілмек.

P.S. 23 жылдық тарихы бар Шанхай ынтымақтастық ұйымы бойынша көлік тасымалы, оның ішінде теміржол тасымалының орны бөлек. Бүгінде әлемде теміржол арқылы контейнерлік тасымал қарқынды даму үстінде. Қазақстан темір жолы транзиттік тасымалға ерекше басымдық береді, ал оның жалпы жүк тасымалы көлеміндегі үлесі 6 пайыздан асады. Қабылданған шаралардың арқасында осы жылдың 8 айында Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік тасымал көлемі былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 35 пайызға өскен.

Жаңалықтар
02.10.2025
ҚТЖ мен AD Ports Group ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Аймақтар / Бейнелер
02.10.2025
Сексеуіл станциясында өткел ғимараты пайдалануға берілді
Аймақтар
02.10.2025
Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
02.10.2025
Jibek Joly туристік пойызы келесі сапарға дайындалуда
Аймақтар
02.10.2025
Жем локомотив пайдалану депосына – 120 жыл
Жаңалықтар
01.10.2025
ТХКБ үшін жаңа серпін: Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия стратегиялық құжатқа қол қойды
Станция тынысы
01.10.2025
Достық станциясы — Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі көлік торабы
Жаңалықтар
01.10.2025
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы көлік министрлерінің VIII кездесуі өтті
Әлемде
01.10.2025
Бүгіннен бастап Қытай пойызға қағаз билеттерді қолдануды тоқтатты
Әлеумет
01.10.2025
Бершүгір станциясында теміржолшыларға арналған спорт кешені ашылды
Жаңалықтар
01.10.2025
Экологтарға арналған оқытуда қалдықтарды бөлек жинау мен жаңа кодекс нормалары талқыланды
Жаңалықтар
01.10.2025
New Silk Way: ҚТЖ еуразиялық транзитте стратегиялық көшбасшылықты күшейтуде
Жаңалықтар
30.09.2025
Пойыздан кешіккен бойжеткен машинист кабинасына тас лақтырды
Жаңалықтар
30.09.2025
Алматыда «New SilkWay» бизнес-форумы өтіп жатыр
Жаңалықтар
30.09.2025
Президент: Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарығына 5 теміржол дәлізі өтеді
Жаңалықтар
30.09.2025
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Трансформация
30.09.2025
Локомотив құрастырудың жаңа деңгейі
Жаңалықтар
30.09.2025
«НR-өндіріс серпіні»: Маңызды жобалар алаңы
Қауіпсіздік
30.09.2025
Қараусыз мал мен құлаққаптағы адам – пойыз қозғалысына қауіп
Аймақтар
30.09.2025
Құрылғылар сенімділігі күмән туғызбайды