Сапа мен қолжетімділік - сенім кепілі

Жаңалықтар
06.12.2019, 07:26
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол көлігін пайдаланатын қазақстандық 20 миллионнан астам жолаушы үшін жылдан-жылға барлық жағынан сапалы әрі қолжетімді қызметтер көрсету жанданып келеді. Осы қызметтерді ұсынып отырған «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басты мақсаты – халық сенімін ақтап, олардың сұранысын қанағаттандыру.

Халыққа қандай сервистік қызметтер ұсынылып жатқаны туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтып берді. Биылдан бастап темір жол билетін сатып алуда халыққа барынша қолайлы жағдай жасау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолдауымен жаңадан «Mobius» отандық қаржы жүйесіне негізделген электронды билетпен қамтамасыз ету технологиясы іске қосылғаны белгілі. Компания өкілі сол жүйе жетістіктеріне тоқталды.

– Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру кезінде билет сату жүйесін жетілдірілуге басымдық берілгенін айтар едік. Аталған жүйе билет сатып алу шарттарын біршама жақсартты. Атап айтқанда, 15 интернет-сайт, 15 мың өзіне-өзі қызмет көрсету автоматы, 1,6 мың пошта бөлімшесі және т.б. арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру арқасында сату каналдары едәуір кеңейді. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде билет сатып алу кезінде бос орындардың бар-жоқтығы туралы мәліметтерді анықтау қамтамасыз етілді, – дейді Асылхан Қалдыкөзов.

Былтыр шамамен 15,4 млн-нан астам билет сатылса, соның 69 пайызы электронды түрде ресімделіпті. Оның 21 пайызы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған. Ал биыл 11 ай ішінде 15,9 млн-нан астам билет сатылған. Соның 80 пайызы электрондық нұсқада ресімделсе, 27 пайызы интернет-ресурстар арқылы алынып отыр. Биыл сондай-ақ жолаушылар билетті «Электронды күту парағы» арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Дәл қазіргі сәтте бос орын болмаған жағдайда жолаушылар «Күту парағындағы» тізімге тіркеле алады, бос орын пайда болғанда жүйе кезегі келген жолаушыға пайда болған бос орынды ұсынады. Бұл жүйе іске қосылған уақыттан бері, яғни 10 шілдеден бастап бүгінге дейін жаппай тасымал кезінде 85 мыңға жуық билет сатып алыныпты. Бір айта кетерлігі, ТМД елдері көлемінде бұл қызмет алғаш рет Қазақстанда енгізіліп отыр. Осы елдер бойынша темір жол электронды-цифрлы билет сату түріне толық көшкен тек Қазақстан темір жолы әкімшілігі екен.

Акционерлік қоғам сонымен бірге жолаушылардың жол жүру жағдайын жақсарту мақсатында жаңа ережеге сай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық тобы үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттағы пойыздарға 50 пайыз жеңілдік енгізгені де мәлім. Бұл норма әлеуметтік маңызға ие 57 пойызда, соның ішінде 6 «Тұлпар-Тальго» пойызында қолданылады. Бұған қоса әлеуметтік маңызы бар пойыздарға балама ретінде ұйымдастырылған коммерциялық «Тұлпар-Тальго» пойызында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жол жүруіне арналған купедегі орынға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға 70 пайыз жеңілдік беріледі. Асылхан Қалдыкөзовтің айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

– Алдағы жылы «Mobius» жүйесі негізінде билет сататын мобильді қосымшаны және билетті тікелей сату жүйесін енгізу жоспарлануда. Яғни, тіке бағдар болмаған жағдайда, клиентке басқа пойызға ауысып отыратын орын ресімдеуге, ал ол пойыздан орын болмаған жағдайда орынды келісілген пойыздарға ресімдеуге мүмкіндік берілмек, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі.

Жолаушылармен қайта байланысты қамтамасыз ету мақсатында өтініштерді есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Өтініштер 24/7 режимінде жұмыс істейтін 1433 нөмірі бойынша қабылданады. Бұл қызмет қалалық байланыс абоненттеріне тегін, ал ұялы байланыс үшін ақылы көрсетіледі. Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының жеке блогына да өтініш қалдыруға болады.

Одан әрі брифинг спикері журналистер сұрақтарына жауап берді. БАҚ өкілдері жаз мезгіліндегі билет тапшылығы мәселесі алда келе жатқан Тәуелсіздік және Жаңа жыл мерекелері кезінде қайталанбайды ма деп сұрады. Бұған ол жоғарыда аталған жаңа жүйелер арқылы бос орындар табуға және ортадағы делдардың қитұрқы әрекеттеріне жол бермеуге мүмкіндіктер бар екенін, сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында сұраныс жоғары бағыттарға қосымша бағдарлар іске қосылатынын жеткізді.

«Mobius» отандық жүйесінің тиімділігіне күмәнмен қарайтындарға еш алаңдаудың қажеті жоқ. Себебі ол әрі қарай да жетілдіріле түспек. Жалпы бүгінде аталған компанияда 6 мыңға жуық жолсерік пен 1 мыңға жуық билет кассирлері жұмыс істейді. Солардың ішінде жылдың басынан бері тәртіпті бұзған 375 адам әр түрлі жазаға тартылып, 170 адаммен еңбек келісімшарты тоқтатылған.

Жолаушылар вагондары паркін жаңарту – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жыл сайын тозығы жеткен және жарамдылық мерзімі өткен 100 ден астам вагон парктен шығарылады. Сондықтан компания Үкіметпен бірлесе отырып вагон паркін жаңарту жұмыстарын жоспарлайды. Вагондар алуға деген сұраныс бар. Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ мемлекет қолдауымен 63 жаңа заманауи жолаушы вагонына қол жеткізді. 2019-2020 жылдары тағы 146 жаңа вагон алу көзделуде. Бұл сұранысты қанағаттандырады деген сенім бар.

Сонымен бірге компания жоспарында қолданыстағы вагондар паркін жаңғырту бар. Компания болашақта жолаушылар вагондарында халыққа қолайлылық пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында пойыздарды жылытуда көмірден «жасыл» технологияға көшу туралы мәселені қарастырып отыр.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды