Қауіпсіздік неге бұзылады?

Жаңалықтар
18.02.2020, 16:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ірілендірілген Астана жол дистанциясында 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында «Жолдағы адам» айлығы өткізілуде.

Магистральдық желі дирекциясы басшылығынан аталған айлықты өткізу туралы жеделхат негізінде алдымен аншлаг жасалып, шаралар жоспары, жолдарды тексеру кестесі бекітілді. Жолдарды аралап қарау кестесіне сай қаңтар айында 3 және ақпан айында 5 тексеру жоспарланып, бәрі де кестеге сай өтуде.

Айлық өткізу ақпаратымен барлық жұмысшылар таныстырылған. Жол дистанциясы диспетчерлерінен станция, бекеттер мен перегондардағы жұмысшыларды диспетчерлік бақылаудың тұрақты жүргізілуін күшейту талап етілді. Сонымен қатар жұмысшыларды арнайы киім, аяқ киім, жеке қорғаныш құралдары, үсіп кетуден сақтайтын майлармен қамтамасыз ету жайы тексерілді. ДУ-46 формалы журналға жазбайынша перегондарда жол жұмыстарын, соның ішінде жоспардан тыс жұмыстар жүргізуге рұқсат бермеу туралы айтылды.

– Жұмысшылар арасында Қауіпсіз емес жұмысты тоқтату құқығын қолдану туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Оларға қауіпсіз жұмыс тәсілдері, қауіптер мен қатерлер туралы тұрақты ақпарат беріледі. Барлық деңгейдегі басқару жүйесінде қауіпсіздіктің ісқимыл диалогын өткіземіз. Бұл диалог теміржолшының жұмыс істеу кезіндегі әрекеттерін бақылау арқылы олардың іс-әрекеттерінің дұрыстығына көз жеткізу, жарақат алуға әкелетін қауіпті іс-қимылдар мен жағдайларды анықтауға бағытталған, – дейді дистанцияның еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инженері Жанна Мажитова.

Айлық барысында қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңестер жұмысын күшейтуге көңіл бөлінген. Жұмысшылардан еңбек және технологиялық тәртіпті сақтау талап етіліп, оны бұзғандар Еңбек кодексіне сай тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

Маманның айтуынша, «Жолдағы адам» жүйесі бойынша қауіпсіздік техникасының бұзылуы бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда, олар жол бойында жұмысшының пойыз келе жатқанда қауіпсіз жерге дер кезінде шығып үлгермеуі.

Екіншіден, жүрдек жолаушылар пойызының өтуіне бес минут қалғанда жұмысшының жолдан дер кезінде шетке кетпеуі. Үшіншіден, персоналдың жарық түсіретін белгі беру жолағы бар жилет кимей жұмыс істеуі. Сондай-ақ локомотив бригадасына белгіні жиі беру және айрықша мұқият болу туралы ескерту бермей жол жұмыстарын бастау, айнала нашар көрінетін кездегі жұмыс істеу барысында жұмыс орнын қоршамау немесе толықтай емес, дұрыс емес қоршау, белгі берушілердің болмауы, келесі жолда пойыз өтіп бара жатқанда жұмысты тоқтатпау, аралық жолдарда пойыз өтіп бара жатқанда персоналды жол техникасымен қамтамасыз етушінің және пойыз құрастырушының жолдар арасында болуы сынды бұзушылықтар бар.

Оған қоса маневрлік жұмыстар жетекшісінің белгіленбеген жерде жылжымалы құраммен өтуі, жылжымалы құрам жүріп бара жатқанда одан түсіп қалу, вагондар астымен темір жолды кесіп өту, маневрлік құрам қозғалып бара жатқанда вагондар арасындағы кеңістікте болу, тұрақты маневрлік жұмыстар жүргізілмейтін жерлерден басқа орындарда бір ғана жұмысшының бағыттама бұрманы тазалауы, станцияда жолды, бұрмаларды, белгі беру, орталықтандыру, блокировкалау және байланыс құрылғыларын қарау журналындағы жазба болмаса да жұмыс істеу, ДУ-46 журналында бар, станция бойынша барлық жылжымалы құрамның қозғалысы туралы станция кезекшілерін дер кезінде құлағдар етпеу сынды қатаң ережелердің бұзылуына жол берілмеуі керек.

Осындай талаптардың орындалмауы салдарынан былтыр «Жолдағы адам» жүйесі бойынша бұзушылықтар саны артқан. Жол берілген қателіктердің себептері – пойызға уақытылы дер кезінде ескерту берілмеу, пойыз жақындап келе жатқанда жұмысшылардың жолдан дер кезінде кетпеуі, белгі беру жилетінсіз жолда жұмыс істеу, ДУ-46 журналында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жазбаның жоқтығы және белгі берушінің болмауы. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті