Қарғын суға дайынбыз ба?

Жаңалықтар
28.02.2020, 08:26
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арқа өңірін биылғы қыс әбігерге салғаны анық. Мұндай қалың қарды жергілікті халық елу жылдан бері көрмегендерін айтады. Сәл күнде көктем айы туып, сол сірескен қалың қар ери бастайды. Сондықтан жер-жерде алдағы су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан-1 станциясы осыған орай «Көктем-2020» республикалық командалықштабтық оқу-жаттығуын өткізуде.

25-26 ақпанда ұйымдастырылған шара тақырыбы «2020 жылғы қарғын су қаупі бойынша төтенше жағдайларды болдырмау барысындағы іс-қимылдарға азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесі құралдары мен күшін, басқару органдарын дайындау» деп аталды.

Штаб бастығы, Нұр-Сұлтан-1 станциясының бас инженері Бақытхан Әбеуовтің айтуынша, барлық кәсіпорында оқужаттығу пысықтау шараларын өткізу мақсатында арнайы бұйрық шығарылып, шара кезіндегі кезекшілік кестесі жасалды. Оқужаттығу басталмас бұрын байланыс және ақпарат тарату жүйелері, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарының жұмысы тексерілді. Құрылған штаб аясында оқу-жаттығу басталғаны туралы белгі түскен бойда теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелерінен бөлінген жауапты мамандар Қарасай батыр көшесіндегі штабқа жиналды. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен тығыз байланыс орнатылды.

– Әне-міне дегенше көктем келіп, күн жылына бастайды. Күн бірден жылып кетер болса, қауіпті болып тұр, мына қардың еруін тоқтатуға көп күш керек. Сондықтан біз қандай жағдайға да дайын отыруымыз керек. Мұндай табиғаттың тосын мінезіне біз жоспарлы қадамдар арқылы ғана төтеп береміз, – дейді штаб бастығы.

Оқу-жаттығу барысында басқарушы құрам өз міндеттерін жақсы білетіндігі және төтенше жағдайлар барысында пойыздар қозғалысы мен жолаушылар және қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындығы, сонымен қатар олар қарғын су болған жағдайда оның залалын болдырмау бағытында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білетіні белгілі болды.

Жаман айтпай, жақсы жоқ. Тасқын қаупі сезілген жағдайда ПЧ-17 мекемесінен 140 жұмысшы, МПТ 0014 дрезинасы, КАМАЗ автокраны, вахталық КАМАЗ, УАЗ көліктері, трактор, 9 вагоннан тұратын су шайып кетуге қарсы пойыз жұмылдырылмақ. Ал Әскерилендірілген темір жол күзеті қызметінен қосымша 19 сарбаз бөлінген. 24 адамнан құралған қалпына келтіру пойызы да дайын тұр. Қалпына келтіру жұмыстары жүретін жерде ШЧ-16 мекемесінен 4 байланыс электр механигі жұмыс істейді, олардың құралдары әзір тұр. ТЧЭ-11 мекемесінен 6 адамнан тұратын 3 локомотив бригадасы жасақталса, ЭЧ-8 ұжымы 20 адамын, дрезинасын, автокөліктерін, жабдықтарын дайын еткен.

Штаб берген мәлімет бойынша, сумен күрес жұмысына қажет цемент, қаптар, арқандар, шеге, темірлер, шамдар, күрек, прожекторлар, сымдар, тағы да басқа заттар керекті мөлшерде дайындалған. Сондай-ақ 7 жүк автокөлігі, 10 жүк және жолаушылар көлігі, 4 автобус, 4 трактор, эксковаторлар, 46 жеңіл көлік, 7 дрезина торапта төтенше жағдайлар үшін сақадай сай тұр.

Темір жол торабында 144 адамнан құралған Азаматтық қорғаныс бойынша 15 құрылым бар. Олар бірнеше звеноға бөлінген. Атап айтқанда, құтқарушылар, бақылаушылар, медициналық-санитарлық, инженерлік, өртке қарсы, электр желілері бойынша звенолар, апаттық техникалық команда, байланыстың апаттық қалпына келтіру командасы, қоғамдық тәртіпті сақтау тобы және тағы басқалар.

Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды