ҚТЖ 100 жас есім: модульдік оқыту жобасы

Жаңалықтар
25.05.2020, 14:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгін «Қазақстан темір жолы» компаниясының «ҚТЖ 100 жас есім» жас мамандарды дамытудың 3 жылдық бағдарламасымен бірінші модульдік оқытудың ашылуы онлайн форматта өтті. Жалпы осы бағдарлама аясында биыл барлығы 4 модульдік оқыту жоспарланған. Былтыр жылдың аяғында Қазақстан теміржолында қызмет ететін белсенді де қабілетті жастар арасынан іріктелген «Жүз жас есім» иегерлері алдағы үш жылда аталған бағдарлама шеңберінде оқытылатын болады.

Онлайн модульдік оқыту ашылуына осы 100 жас теміржолшы түгел және компания басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов, компанияның адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Тамила Микулич, осы департаментінің HR бизнесәріптесі Ақмарал Байғабыловалар қатысты.

Серік Әбденовтің айтуынша, бұл шараны наурыз айында Алматы қаласында өткізу жоспарланған. Алайда елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқыту шарасы кейінге қалдырылыпты.

Міне, енді онлайн форматта алғашқы модульдік оқытуды ашқан ол жастарға алдымен компанияның қазіргі таңда басымдық беретін бағыттарын айтып берді.

– Біз үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау аса маңызды. Сондықтан өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау деңгейін арттыру үшін Басқарма төрағасының шешімімен «Қауіпсіздіктің іс әрекет диалогы», «Қауіпті тоқтат!», «Салдары жоқ оқиғалар» атты бағдарламалар іске қосылды. Соған қоса жұмысшыларды қауіпсіздік бағдарламалары бойынша белсенді оқыту қолға алынды. Былтыр 300 адам оқытылса, биыл 89 мың теміржол шыны оқыту көзделуде. Жыл басынан бері 67800 адам оқытылып болды, – деді Серік Әбденов.

Ал адами ресурстарды басқару департаментінің басшысы Тамила Микулич «ҚТЖ 100 жас есім» даму бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

Ол бағдарлама мақсаты – компанияның нақты белгіленген осы жас қызметкерлерін үлгі ете отырып, компанияда мінез-құлық идеясы мен кәсібилік және белсенді бейілділікті дамыту екенін жеткізді.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде компанияда болашақ басқарушылардың резерві қалыптастырылып, компанияны трансформациялауды жүргізу үшін өзгерістер тетіктерін анықтау, компания мәдениеті мен нормалары, құндылықтары мен саясаты және стратегиясын трансляциялайтын жетекші мамандарды дайындау, жастардың табыстылығы арқылы компанияның имиджін көтеруге қол жеткізілмек.

ҚТЖ сынды алып компанияның үміті мен болашағы деп іріктелген жастар сан қырлы. Олардың қатарында, атап айтқанда ерекше қажыр-қайраты, білімі мен білігі, жаңашыл жобалары, өздерін өздері дамытудағы белсенді іс-әрекеті, қайырымдылық жобасы мен еріктілер ісін дамытудағы бастамаларымен көпке үлгі болған жастар жетерлік.

Соның ішінде қызылордалық Айдана Нұрмашқызы мен Еркебұлан Аяғановты, көкшетаулық Юлия Тё мен Аңсар Сансызбайды, Шымкенттен Ердос Ерланұлы, Серік Тлеумбетовті, Рахымжан Нұрмұрзаев пен Ақберен Әбдірахмановты, оралдық Дәуренбек Ишимовты, алматылық Диас Байғонысовты, атыраулық Артур Абдировты, ақтөбелік Руслан Жұмағалиевті, атбасарлық Әсем Куласбаеваны, екібастұздық Ержан Келдібаевты, сонымен қатар елордалық Ержан Жаналиев пен Кәмшат Тиштыкбаеваны ереше атай кеткен жөн.

Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-әріптесі Ақмарал Байғабылова «ҚТЖ 2020 қайырымды іс» бағдарламасы бойынша теміржол жастарының өткен 5 ай ішінде атқарған игі істеріне тоқталды.

Жылдың басынан бері ерікті теміржолшылар аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бойынша 474 қайырымдылық шара, 122 экологиялық бағыттағы акциялар, төтенше жағдай кезіндегі 83 қайырымды іс, жасы ұлғайған адамдарға қатысты 1233 көмек, балаларға 78 көмек, әлеуметтік бағдарлама аясында 15 шара, донорлық бойынша 25 қайырымды іске қатысқан екен.

Бүгінгі шара – «ҚТЖ 100 жас есім» жас мамандарды дамыту бағдарламасы бойынша бірінші модульдік оқытудың ашылу рәсімі. Ал оқытудың өзі 25-29 мамыр аралығында өтеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті