Дабыл қағуға тура келеді

Жаңалықтар
26.05.2020, 10:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Былтыр және биылғы жылдың басынан бері еліміздегі темір жол өткелдерінде пойыздар мен автокөліктердің бірнеше рет соқтығысу оқиғасы болды. Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болған сол апаттар кезінде адамдар опат болып, кейбірі түрлі дәрежедегі жарақаттар алғаны да жасырын емес.

Бұл сонымен қатар локомотивтерге де залал келтіріп, жолаушылар мен жүк пойыздары өз кестесінен кешіккен. Қысқасы, кісі өліміне қоса, моральдық және материалдық шығын орын алған.

Осыған орай Шу жол дистанциясы ұжымы өз телімдеріне қарасты темір жол өткелдерінде көлік жүргізушілері мен автокөлік мекемелеріне, теміржол маңайындағы тұрғындар мен оқу орындарында түсіндіру жұмыстарын күшейткен.

– Темір жолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары, автокөліктердің жүргізушілері темір жолдан арнайы белгіленген жерден ғана өтіп, сақтықты бұрынғыдан да арттыруы керек болып отыр.

Әрі жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттілігін бүгінде каникулға шыққан балаларға да ұдайы ескертіп отыру қажет. Автокөлік жүргізушілері, темір жол өтпелерінен өтерде жолда ешқандай да жылжымалы құрамның жоқтығына әбден көз жеткізіп алғаннан кейін ғана өтуі қажет екенін ескертумен келеміз.

Темір жол өткеліндегі аншлагты, жарық және дыбыс белгілерін, шлагбаумды және өткел кезекшісінің ескертуін басшылыққа алып, орындауды ескертеміз. Ал тұрғындарға айтарымыз - жайылымдағы мал темір жолдан кем дегенде 300 метр қашықтықта болуы тиіс. Ал малды белгіленген немесе арнайы өтпелер мен темір жол астындағы көпірлерден ғана айдап өтуді ескертеміз, - дейді Шу жол дистанциясы бастығының орынбасары Дәулетбек Жолдасбаев.

Мамандар осы талаптарды орындау арқылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адамдар өмірінің сақталуына, жолаушылар мен халық шаруашылығы жүктерінің межелі жеріне аман-есен жетуіне үлес қосылатынын айтады.

Бұған қоса жолшыларды темір жол телімдеріндегі пойыздардың мал басу фактілері азаймауы алаңдатады. Малдың жол үстіне жиі шығуына байланысты жүк және жолаушылар пойыздары кідіріп, кестесінен жаңылуда.

Пойыздардың мерзімінен кеш қалмай, белгіленген уақытта межелі жеріне жетуі үшін олар бір ретпен қозғалуы қажет. Ірі қара малдың пойызға басылуы жылжымалы құрам жүрісіне қауіп төндіріп, кідіруіне әкеледі.

2019 жылы Шу жол дистанциясының телімдерінде малдың жолға шығып кетуіне байланысты локомотив машинистері 11 рет оқыс тежеу беруге мәжбүр болған. Алайда олар осы жағдайлардың бәрінде де малды қағып кеткен. Себебі арақашықтық тым жақын болған.

Мұндай жағдайлар жолаушы құрамы болса тіпті қауіпті, біріншіден оқыс тоқтаған вагонда жолаушылардың құлап, жарақат алу ықтималдығы жоғары, жүк құрамы болған күнде де жүктердің соқтығысуына жол берілуі мүмкін, бүлініп, құртылуына әкеп соғады, тіпті вагон аударылып кетуі де ықтимал.

Ал оның зардабы шаш етектен екені айтпаса да түсінікті. Шу жол дистанциясы негізінен Шу, Мойынқұм, Қордай аудандарының аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 468,7 шақырым темір жолды қадағалап отырады. Жүздеген шақырымдарға созылып жатқан темір жолды малдан толық қоршап- қорғау бүгінгі күні мүмкін емес. Бағусыз, қараусыз жүрген малдардың темір жолға шығып кету фактілері әсіресе Көктөбе, Еспе, Шоқпар, Хантау, Жиделі станцияларының аралығында көбейіп кетіпті.

Аталған аумақтарда мал қағу оқиғалары әсіресе түнгі уақытта орын алады. Бұл темір жолдың бойында орналасқан ауылшаруашылық қожалықтарының салғырттығының кесірінен болып отыр. Оған қоса станция тұрғындары да малын таң атысымен өріске шығарып жіберіп, оның күні бойы қайда жүргенін қарамайды. Қараусыз мал темір жолға шығады.

Осы жауапсыздықты жою мақсатында жыл сайын темір жол бойындағы және оған жақын елді мекендерде жол дистанциясының мамандары мал иелерімен «Темір жол төсемінің маңайында мал бағу ережелері» атты темір жолдағы қауіпқатер мен қауіпсіздік қағидаттары туралы үгіт-насихат, тәрбие беретін түсіндіру ісшараларын дәстүрге сай жүргізуде.

Талай рет мал бағу ережесін бұзған фактілер желілік полиция бөлімшесіне берілген. ҚР ӘҚбК-ның 559 б. 1б. бойынша 11 мал иесі анықталып, әкімшілік жазаға тартылды.

Алайда соған қарамастан бағусыз, қараусыз жүрген малдың темір жолға шығып кетуі жылдан-жылға азаяр емес. Сондықтан бұл дабыл қағарлық мәселе болып отыр. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?