Теміржол тарифіндегі түйткілдер

Жаңалықтар
16.07.2020, 20:35
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өткен жылдан бері жүк тасымалы бойынша тариф саясатын жетілдіру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Бір айта кетерлігі, компанияның тариф саясатында жеткілікті деңгейде айқындылық пен нақтылықтың болмауынан жүк тасымалынан табыс толық түспей жатыр. Сондықтан, ҚТЖ тарифтерін қайта қарастыру мәселесі – талайдан бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселе.

– Теміржолдағы тариф мәселесі туралы айтқанда, ол бірінші кезекте магистральдық темір жол желісі, локомотив тартымы, жүк және коммерциялық жұмыстар қызметтеріне төленетін реттеуші тариф туралы екенін ұғынуымыз керек. Жалпы темір жол тарифіне вагонның құрамдас бөлігі де жатады, бірақ ол бәсекелес ортаға берілген, сондықтан оны мемлекет реттей алмайды. ҚТЖ-ның магистральдық желі, локомотив тартымы, жүк және коммерциялық жұмыстар үшін тарифтерін ішкіреспубликалық, экспорттық және импорттық қатынастағы табиғи монополиялар саласындағы өкілетті мемлекеттік органдар бекітеді. Бұл ретте магистральдық желі бойынша тарифтер 5 жылға, ал локомотив тартымы мен жүк-коммерциялық жұмыстар үшін тарифтер жиі, іс жүзінде жыл сайын бекітіледі, – дейді Компанияның қаржы директоры Шолпан Омарбекова.

Ал транзиттік тасымал тарифі Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің заңына сәйкес мемлекеттік реттеуге жатпайды және Қазақстан қатысушысы болып табылатын мемлекеттік келісімдер негізінде анықталады. Қаржы директоры Қазақстандағы реттелетін тарифтер көп ретте тұтынушыға бағдарланған, ал ҚТЖ-ға қатысты тарифтік саясат айтарлықтай қатаң және икемсіз екені жасырын емес дейді.

МТЖ, яғни магистральдық темір жол желісіне тарифтер 2016-2020 жылдар аралығында жылына орташа есеппен 4%-ға өсе отырып, жалпы темір жол тарифінде жүк тасымалына бар болғаны 2%-дан келеді. 2018-2019 жылдары тарифке ЛТ, яғни локомотив тартымы қызметіне тарифті арттыру есебімен өзгерістер енгізілді. Алайда, 2020 жылы локомотив тартымы қызметіне тариф өсімі болмайды, жүк-коммерциялық жұмыстары қызметінің тарифі бірнеше жылдан бері өзгертілмей келеді. Осылайша, биыл жалпы темір жол тарифінің өсімі бар болғаны тек МТЖ есебінен 2%-ды ғана құрайды. Мұны аса бір қатты өсім деп айтуға келмес.

Өндірістік кәсіпорындарға көп жылдан бері түсетін күш, жүк және жолаушылар тасымалына МТЖ тарифтері коэффициенттерін уақытша төмендету түріндегі жеңілдіктерді қолдану, ҚТЖ-ға байланысты емес факторлардың кесірінен шығындардың өсуі, міне, осының бәрінің қорытындысында, айналып келгенде МТЖ қызметтерінің төмен тарифімен қызметтерді ұсынумен байланысты іс жүзіндегі шығындарды жабу мүмкін емес.

Бекітілген тарифке кіретін кіріс деңгейімен локомотив паркі мен инфрақұрылымды жаңартудағы қажеттіліктерді толық жабатын инвестициялық бағдарлама құру – мүмкін емес жағдай. Сондықтан ҚТЖ Үкіметке жүк тасымалына тарифті өсіру ұсынысымен ғана емес, жүк тасымалына тариф бекітуде жетілдірілген тәсілдерді қолдануға бағытталған тарифтік жүйенің нақты өзгерістерін енгізуді ұсынуда.

Жүк және жолаушылар тасымалына субсидия қағидаттары бойынша құрылған тариф тиімсіз болып отыр. Сондықтан ҚТЖ-ның тарифтік жүйеге ұсынып отырған өзгерістері ҚТЖ қызметтеріне тариф бекітуде субсидиялық жүйені алып тастауға және әділ тариф қалыптастыру жағдайына бағытталған. Себебі МТЖ мен ЛТ қызметтеріне жолаушылар қозғалысы бойынша тариф айтарлықтай төмен. Бұл жолаушылар тасымалын өтемейді. Сол себепті жолаушылар тасымалы шығындарының басым бөлігі жүк тасымалы тарифтерімен жабылуы қалыпты жағдайға айналған. Сонымен қатар бір жүк тасымалының екінші жүк тасымалы есебімен қиылыспа субсидиялануы да бар. Мәселен, көмір, темір рудасы, астық, құрылыс материалдарының, химикат пен тыңайтқыштардың тасымалы мұнай, мұнай жүктері, қара және түрлі түсті металл тасымалы есебінен субсидияланады. Бұл ретте тарифте 3-4 есе айырмашылық бар.

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ пандемия салдарынан туындаған қиын жағдайға түсіністік таныта отырып, Қазақстанның экономикасы мен отандық бизнесті қолдау мақсатында ҚТЖ 2020 жылы тек 2% өсімді қалдырды. Ал келесі жылдардағы тарифті өсіру туралы шешімді бизнес пікірімен санаса отырып өкілетті органдар қабылдайтын болады. Теміржол тарифіндегі түйткілдер шешіліп, тиімді тариф қабылданатын күн алыс болмас.

Жаңалықтар
31.01.2026
ҚТЖ дамудың адам игілігіне бағытталған үлгісіне көшуді қолдайды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде