«Түйіспесіз жол» айлығы өтуде

Жаңалықтар
24.09.2020, 20:16
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 21 қыркүйек пен 21 қазан аралығында Қазақстан теміржолының барлық жол дистанцияларында «Түйіспесіз жол жағдайы және оны күтіп ұстау» айлығы өтуде. 

Айлық барысында 154-ЦЗ Ережесіне сәйкес түйіспесіз жолдар бойынша журналды жүргізудің дұрыстығы тексеріледі. Сонымен қатар түйіспесіз жол бунақтарында жол машиналарымен жұмыс жүргізу орындарына талдау жүргізіліп, олар туралы деректерді ТЖ журналына енгізу, тозығы жеткен бунақтарды жаңартатын жерлерді тексеру, жол дистанциясы бойынша дәнекерленген түйіспелер саны, телім блогына дейін ұзына бойы дәнекерлеу үшін бунақ жұптары жөнінде түйіспесіз жолдардың жиынтық талдауын жүргізу жұмыстары да осы айлықтың еншісіндегі шаруа. Түйіспесіз жол жұмысын қадағалау бунақтарды бекіткен сәттен басталады. Бүгінде барлық жол дистанциялары айлықты өз деңгейінде өткізуге атсалысуда. 

– Түйіспесіз жолды пайдаланудағы мақсат – жолдың ең әлсіз және күш көп түсетін тұсы болып саналатын рельс түйіспелерінің санын мейлінше азайту немесе жою. Түйіспеліге қарағанда түйіспесіз жолдардың артықшылықтары көп. Атап айтқанда, пойыздар қозғалысында меншікті негізгі қарсылықты төмендету, әйкесінше, тепловоздың отыны мен электр қозғалтқыш бөліктегі электр энергиясы 12-15 пайыз үнемделеді. Сонымен қатар рельс бунақтарының ақаулар бойынша жарамсыз болып қалуы 2 есеге дейін кеміп, соның арқасында жолдың жоғарғы бөлігі ұзақ уақыт қызмет көрсетуге жарамды болады. Міне, осындай және басқа да оң жақтары бойынша қызметін пайдалану үшін түйіспесіз жолдың күтіміне бағытталған айлықтар өткізіліп тұрады, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалы директорының экплуатация жөніндегі орынбасары Төлеубай Кенжебеков. 

Дистанциялардың бірінші басшылары «Түйіспесіз жолдар қызметін есепке алу» журналының соңғы бетінде жүргізілген тексерудің әрқайсысын белгілеп жазып отырады. Айлық қорытындысында Магистральдық желі дирекциясына жалпы жиынтық есеп беріліп, келесі жылға блокқа дейін бунақты дәнекерлеу жоспары, перегонға дейін бунақты дәнекерлеу жоспары жасалады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті