«Жолаушылар тасымалы» вагондардағы тазалықты қалай сақтайды

Жаңалықтар
12.11.2020, 21:40
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан теміржолындағы жолаушылар пойыздарына әр рейске шығар алдында пандемияға дейін де әдеттегі зарарсыздандыру, тазалау жұмыстары жүргізіліп келді. Сол жұмыстар қазіргі жағдайда да кейбір зарарсыздандыру құралдарының мөлшерін сәл көбейте отырып жалғастырылуда. Сондықтан вагондардағы тазалық пен вирусқа қарсы қауіпсіздік қатаң сақталады және ол «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының басты назарында. 

Акционерлік қоғам қашан да вагондар тазалығы мен оны түрлі вирустар мен бактерияларға қарсы зарарсыздандыру және төсек-орын жабдықтары тазалығын қатаң бақылауда ұстайды. 

Сол істермен айналысатын бірнеше мердігер мекеме бар. Мәселен, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізетін клинингтік компания вагондардың экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартумен айналысады. Тазалықты сақтауда сапалы құрал-саймандарды, сонымен қатар тиімді жуғыш және санитарлық-гигиеналық құралдардың көмегі зор. Барлық жабдықтар таңбаланған, сондықтан оларды стандарттарға сай тек арнайы белгіленген жерде ғана пайдалану көзделген. 

Жуатын қоспалар талаптарға сәйкес нұсқаулықтарды қатаң сақтай отыра дайындалады. 

– Әр рейс алдында әрбір вагон толық тазаланып, зарарсыздандырылады. Еден, төбе, үстелдер, дивандар мен терезелердің бәрі өңделеді. Дезинфекция жұмыстары санитарлық ереже талаптарына сай сулау, булау, сүрту препараттары арқылы жүргізіледі. 

Сол сияқты айналым қосындарында әжетханалар, қоқыс жәшіктері зарарсыздандырылады. Барлық қолданылатын препараттар сертификатталған және денсаулық сақтау саласындағы  құзыретті органдар қолдануға ұсынған заттар, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Астана телімінің бастығы Берік Мейірманов. 

Оның айтуынша, қоғамның барлық қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

 

Өндірістік персонал арасында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық тұрақты өткізіледі, пойыз бригадаларының жұмысшылары күн сайын ауысым алдында медициналық тексеруден өтеді. Ауру симптомдары бар немесе қызуы жоғары қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. 

 Былтыр қарашадан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ бойынша жолаушылар пойыздарының төсекорындары жаңа стандартқа сай өзгертілді. Құрамдарды төсек-орын жабдықтармен және олардың тазалығы бойынша қызметпен қамтамасыз ететін мердігер мекемелер әр сапар сайын төсек-орынды тазалап беру, кірлеген соң алып кетіп, жуып, залалсыздандырып, үтіктеп, жинақтап, қайта жеткізіп беру сынды қызметтердің бәрін атқарады. 

Олардың жұмысы Жолаушылар тасымалы компаниясының бақылауында. Әсіресе, олардың соңғы үлгідегі сапалы техникамен жұмыс істеуіне назар аударылады. Елордада орналасқан сондай мердігерлік мекеме жақында Чехияда жасалған сыйымдылығы 120 келіге дейінгі төсек жаймаларын жуатын 2 машина алыпты. Бұл жерде лас төсек орындар 6 түрлі жуу түрі бойынша тазалаудан өтеді. Пандемияға байланысты соның ішінде 2 түрі бойынша жуу түріне өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, 4-позицида тұрған Peracid, яғни төмен температурадағы ағартқыш зарарсыздандыру қоспасы мен 6-позицияда тұрған Lunosept гигиеналық қоспасының мөлшерін 1,5 есе көбейткен. 

Кір жуатын су хлордан, тұздан тазартылып, арнайы сүзгіден өткізіліп барып пайдаланылады. Бұл өнімдерді тез бүлінуден сақтайды. Одан әрі кептіріліп, үтіктеліп, сосын қаптамаға оралып салынады. Осы қызметтердің бәрі цехтың бір басынан басталып, соңына дейін жалғасады. Әрі қарай арнайы сақтау қоймаларына бір қапқа 10 жиынтықтан салынып өткізіледі де, уақыты келгенде арнайы жүк көліктерімен пойыздарға жеткізіледі. 

Акционерлік қоғам үнемі жаңа стандарттарды қолдану арқылы қызмет сапасын жақсартуға мән береді. Соның арқасында бұрынғыдай емес жолаушылар тарапынан түсетін шағымдар азайып, керісінше алғыс білдіріп жатқандар бар. Себебі халықпен кері байланыс жақсарды. Бұл Компания қызметкерлерін одан әрі ынталандырып, жаңа жоспарлар мен міндеттерді атқаруға жетелейді. Компания пандемия жағдайында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдауда.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті