Машинистер мерейі
Жем локомотив пайдалану депосының ұжымы өздерінің әріптестері, машинистер Әлібек Жармағамбетов пен Жақсылық Алданазаровты «Құрметті локомотив машинисі» атануымен құттықтады.
Мекемеде өткен «Машинистер күніне» «Локомотив» АҚ Батыс аймақтық өкілі А.Натиев арнайы келіп қатысып, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ президенті О.Кулаковтың бұйрығына сәйкес, қос машинистке мәртебелі атақ берілгенін мәлім етіп, төсбелгісі мен арнайы куәлігін табыс етті.
Жақсылық Алданазаров еңбекқорлығымен ерекшеленген, жұмыс қабілеті жоғары машинист. Әрдайым білім қорын толықтырып, өздігінен ізденетіндігімен көзге түскен. Сан мәрте бақытсыз жағдайлардың алдын алған. Өзіне тапсырылған телім аралығында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді, осы жылы тасымалдау жұмыс жоспарын 100,1 пайыз орындап шықты. Еңбек жолында жинаған ілімі мен білімін жас әріптестерінен аяған емес. Ұжымда беделі жоғары, құрметке лайық жан.
Ал, Әлібек Жармағамбетов еңбек жолын Ембі локомотив депосында 30 жыл бұрын тепловоз машинисі көмекшісінің дублері болып бастаған. Соңғы 22 жылда Жем локомотив пайдалану депосының екінші сыныпты тепловоз машинисі болып қызмет етіп келеді. Осы жылдың 9 айында 9 мың тоннаға жуық дизельді отынды үнемдеген. Тасымалдау жоспарын артығымен орындаған. Қысқасы, екі машинист те мәртебелі атқа әбден лайық деп танылып отыр.
Басқосуда локомотив шаруашылығында соңғы уақытта орын алған ерекше оқиғалар, машинистер ерліктері туралы сөз болды. Мәселен, «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызы газ тасымалдау көлігімен соғысып қалғанда жолаушыларды құтқарып қалған машинист Арап Ағатаевтың аяғы сынған көмекшісін қауіпсіз жерге алып шыққандығы айтылды. Биыл көктемде «Лениногорск – Астана» жолаушылар пойызының жеңіл автокөлікпен соқтығысуының алдын алуы да әңгіме арқауына айналды.
Осы жылы адал және мінсіз еңбегі үшін марапатталғандар да назардан тыс қалмады. Локомотив шаруашылығы бойынша «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен 5 машинист, «Адал еңбегі үшін» 10 машинист, 2 машинист нұсқаушысы, Компания президентінің қолсағатымен 1 машинист пен 2 машинист көмекшісі, машинист нұсқаушысы марапатталған екен.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті