ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
2026 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының құрылымдық бөлімшелерінде қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді бағдарлама шеңберінде 80 модульдік ғимарат орнатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Барлығы мұндай ғимараттардың төрт түрі қарастырылған. Биыл алғаш рет төртінші типтегі модульдік ғимарат – бригаданың жұмысын ұйымдастыруға және қызметкерлердің қысқа мерзімді демалысын тікелей өндірістік учаскелерде ұйымдастыруға арналған табельдік ғимарат салынды.
Мұндай ғимараттың ауданы 106 шаршы метрді құрайды. Онда табель бөлмесі, екі адамға арналған демалыс бөлмесі, тамақ ішуге арналған бөлме, киім ауыстыратын бөлме, душ бөлмесі, санитарлық торап және арнайы киім мен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме бар.
Жылдың кез келген уақытында ыңғайлы жұмыс істеу және демалу үшін ғимарат электр жылытумен және кондиционерлермен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда ауыз суды сүзу жүйесі, жиһаз, тұрмыстық техника, өрт-күзет дабылы және бейнебақылау орнатылған.
Модульдік ғимараттарды жеткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын дәйекті жақсартуға, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және өндірістік процесті ұйымдастыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді.