Концлагерь тұтқыны болған Катя әжей

Жаңалықтар
07.05.2021, 10:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Соғыс ардагерлері сол бір сұрапыл жылдардың суретін еш ұмытпаған, тап кешегі болған оқиғадай еске алады. Осыдан-ақ олардың жүрегіне қаншалықты жазылмас жара түскенін байқағандай боласың... Солардың бірі биыл тоқсанға келген соғыс ардагері Екатерина Серафимқызы. Ол Мордовия елінде дүниеге келген екен. Ұлы Отан соғысы басталардың алдында әкесі Серафим 9 баласымен Карелияға көшіп келеді. Ал Карелияның батысы Финлян- диямен шектесіп жатыр. Ол кезде Карелия- ның Совет Одағы құрамына кірген кезі еді, ал финдер жерлерін тастап қашып кеткен. Көп кешікпей неміс басқыншыларымен соғыс басталады. Кішкентай Катя ол кезде 10 жаста еді. Финдер өз жерлеріне қайтып келіп, неміс басқыншыларымен бірге сол жерді басып алады. Жан-жақтан көшіп келіп тұрып жатқан халықтың бәрі, соның ішінде Катяның отбасы түгел тұтқынға түседі. «Көрмеген қорлығымыз жоқ. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, көп адамдар немістер жағына шығып, сатылып кетті. Бәрінен де сол өз арамыздан шыққан сатқындардың озбырлығы немістерден де асып түсті. Ұрып соғу, ауыр жұмыстарға салу, аштық... Үлкендер орманда талдарды құлатып, ағаш шапты. Біз балалар жаңқалар мен жапырақтарын жинап өртедік. Кешке сүйретіліп баракқа әрең жетеміз. Тақтай төсектерге құлаймыз. Немістер тұтқындарды адам ғұрлы көрген жоқ. Бірақ финдер немістерге қарағанда жұмсақтау еді, балаларды ұрмады, сатқын- дарға да ұрып, тіл тигізуге тыйым салды. Сөйтіп, Миехиккель концлагерінде 3 жыл, 3 ай болып, бүкіл қорлық пен зорлықтың бәрін көрдік. 1944 жылдың күзінде Совет солдаттары келіп, азат етті ғой» деп еске алады Екатерина Серафимқызы. Содан кейін Екатерина асханада, госпи- тальда санитар, басқа да әртүрлі жұмыстар жасап, есейе береді. Азат етуге келген солдаттар арасында Гурьевтегі Ганюшкино жетімдер үйінде өскен, сондағы поселкеден әскерге барған қазақ солдаты Абсатыров Вагаф (Уап) екеуі көңілдері жарасып, қосылады. Ұрпақ сүйеді. Соғыс бітіп, бейбіт өмір басталған соң, Уап туған жері Атырауға келіп, әскери салада қызмет етеді. Күйе- уінің фамилиясына көшкен Абсатырова Екатерина Атырау локомотив депосында машинистердің демалыс үйінде кезекші болып жұмыс жасап, сол жерден зейнет- керлікке шыққан. Ол фашист концлагерінің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер қатарына жатады және сол жеңілдіктерге толықтай құқылы. 90-ға келген соғыс және еңбек ардагерін теміржолшы әріптестері жыл сайын Жеңіс күнінде құттықтайды. Катя әжей өз өмірінен тағылымды естелік- тер айтып, сол бір азапты күндерге лағнет айтады. Ол – бүгінде Атырау өңірі бойынша теміржолшы соғыс ардагерлерінен қалған көзі тірі жалғыз адам.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды