Майдангер Жүнісбек Кәрімов 95 жасқа келді

Жаңалықтар
07.05.2021, 10:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Отан соғысы жылдары Ақмола жерінен 14723 сарбаз соғысқа аттаныпты. Солардың жартысы қан майданда ерлікпен қаза тапты. «Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз өлмейді» демекші, туған жердің дәм-тұзы бұйырып, елге аман- есен оралған майдангерлердің бірі Жүнісбек Кәрімов биыл наурызда 95 жасқа келді. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, мұздай құрсанған әскерлерімен елдің батыс өңіріндегі елдерді бомбалай бастаған соғыстың алғашқы жылы ол 15 жасар жасөспірім екен. Елдегі ер азаматтар- дың бәрі жаппай соғысқа алынып, олардан майдан даласында ерлікпен қаза тапты деген қаралы қағаздар да келе бастады. Халық күңіренген күй кеше жүріп, еңкейген кәрісі де, есі кірген баласы да майдан қажетіне жаппай еңбекке жұмылдырылды.

– 1942 жылы әскерге шақыр- тылып, аз уақыт әскери дайындықтан өткесін бірден майданның алғы шебіне аттандық. Соғыстың нағыз ортасында, бораған оқтың астында жүргенде де бірде-бір рет жарақат алып көрмедім. 1944 жылы біздің 348-ші жаяу әскер дивизиясын Берлин қаласын алуға жіберді. Қала берік қамалға айналған, оған кіру оңай болмады. Майдандас достарымның біразы тура жеңіс сағаты таяған шақта неміс жерінде көз жұмды. Мен де жеңіске бір күн қалғанда басымнан қатты жарақат алып, госпитальға түстім, – дейді қарт майдангер.

Жүнісбек Кәрімов үшін майдандағы жорық жолдары мұнымен бітпеді, жазылып шыққан соң оны Белоруссияда әскери қызметке қалдырды. Казань қаласындағы авиация әскери училищесінде инженер-механик ма- мандығын меңгеріп шықты да Орша қаласында қызметін жалғастырды. Осы жерден Верхоянскіге дейінгі сынақты ұшу сапарына қатысты. Бірақ кезекті бір сапарының алдында ол жүрек талмасы сырқатымен госпитальға түсіп, авиация саласының ұшқышы болам деген арманы аяқсыз қалды. Соғыс аяқталғасын алты жылдан кейін елге оралып, Қазақстан темір жолының Ақмола станциясында автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистанциясында табаны күректей 55 жыл механик болып қызмет атқарады. Сол жерден құрметті еңбек демалысына шықты. – Жарты ғасыр бейбіт өмірдегі еңбек майданында жүру – мен үшін үлкен бақыт. Зайыбым екеуміз қол ұстасып, 70 жыл бірге ғұмыр кештік, екі ұлды дүниеге әкелдік. Екі ұлымның үлкені Амантай ІІМ Жоғары мектебін бітіріп, біраз жыл елордада қызмет етті, кейіннен Шымкент қаласына жұмысын ауыстырды. Бірақ, осыдан төрт жыл бұрын өмірден өтті. Ал екінші ұлым Жеңіс дертке шалдығып, жас кезінде қайтыс болған. Тағы өкініштісі, осыдан екі жыл бұрын балаларымның анасынан да айрылып қалдым. Тағдырдың басқа салғаны осы екен, амал жоқ, көнесің. Ендігі тілегім ұрпағымыз мұндай қырғынды, алапатты көрмей өссін, – деді ардагер. Жеңіс күні қарсаңында ақсақалды Астана белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Артур Сарсенғалиев, кәсіподақ төрағасы Қуаныш Саимов, персонал жөніндегі менеджер Әсем Дакешова бастаған бұрынғы әріптестері барып құт- тықтады. Талай рет Елбасының да қабылда- уында болып, құрмет пен сый көрген қарт майдангердің кеудесінде 1, 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «КСРО Маршал Жуков» және «Ерлігі үшін», тағы басқа наградалар жарқырайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті