Қазақстанда көліктің бірнеше түріне «бірыңғай» билетті енгізу мүмкіндігі талқыланды

Жаңалықтар
29.06.2021, 09:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстандағы туризм саласын дамытуда теміржол саласының үлесі қандай? 24-25 маусымда елордадағы «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында өткен Futuroad Expo Astana және Automechanika Astana көрмесі аясында қамтылған тақырыптардың бірі осы болды. Іс-шараның Интермодальды тасымал атты сессиясы кезінде қазақстандық теміржол саласының өкілдері ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Елімізде туризм саласын дамыту – маңызды мақсаттардың бірі. Осыған орай биыл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ту- ристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Оның ішінде туристік нарықты қолдау бойынша бірнеше шара қарастырылды, атап айтқанда, туристік көлікті сатып алған жағдайда оның 25 пайызын қайтарып беру мәселесі бар. Теміржолға қатысты туризмді дамыту ретіне келсек, интермодальды тасымалдау, яғни бір билетпен бірнеше көлік түріне міне отырып, діттеген жерге жету бойынша ұсыныстар мен бастамалар туралы сөз болды. Ішкі туризмге келсек, туристер әдетте ел ішінде әуе немесе темір жол көлігі арқылы саяхаттайды. Мәселен, Балқашқа дейін бір билет алып, сол билеттің ішіне Балқаш қаласына дейінгі әуе немесе темір жол көлігімен бару құны да, одан түскесін қалада сізді әрі қарай алып кететін автокөлік тасымалының ақысы да кіріп, сол жолдың бәріне бір билетпен барасыз. Модераторлар әуе және теміржол компанияларынан келген өкілдерден осы ұсынысты қаншалықты жүзеге асыруға болатынын сұрады. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Интермодальды жолсапар» жобасының атқарушы директоры Антон Саболевский аталған жобаның Қазақстан теміржолында былтырдан бастап қолға алынғанын айтты. Оны жүзеге асыру үшін бірнеше міндет жүктелген. – Біріншіден, тасымал бойынша жолаушыларға арналған жаңа модель керек, адам діттеген жеріне ұшақпен-ақ екі сағатта жетер болса, онда пойызда үш күн жүрудің қажеті бар ма, екіншіден, бірнеше көлік түрлеріне арналған қызметтерді бір жерден табатындай мобильді қосымша жасауды ұсындық, жалпы аталған жобаны Қазақстан теміржолы қолдайды, – дейді ол. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың бірі жолаушылар пойыздарымен адамдардың жолда жүруі азайған қыркүйек-қазан айында туристік пойыздар ұйымдастыру мәселесіне қатысты болды. Жалпы бас- тама көтерушілер интермодальды тасымал туристер үшін логистиканы қысқартып қана қоймай, олардың қызметтің сан түрін көріп, түрлі әсер мен жағымды көңіл-күйге бөленуіне мүмкіндік береді деп санайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті