Жыл басынан бері елордаға қарасты темір жолда пойыз 15 рет мал қаққан

Жаңалықтар
12.10.2021, 13:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әлішер Сыздық адамдардың бейғамдығы пойыздар қозғалысына үлкен қауіп төндіріп отырғанын айтады. Ол жыл басынан бері дистанцияға қарасты телімдерде жолға малдың шығып кетуіне байланысты оқыс тежеу беру жағдайлары жиілегенін, сондай-ақ, мал басу оқиғаларының 15 оқиғасы болғанын мәлімдеді. 13 сәуірде Макинка-Елтай аралығында №328 пойыз машинисі Ведутов 312 шақырымға келген кезде бір жылқының жолдан өтуіне байланысты оқыс тежеу берген. Ал түнгі бір шамасында болған оқиға кезінде пойыз малды басып кеткен. Сол жерге желілік тәртіп сақшылары, №1 өндірістік телім бастығы, жол шебері келген. Бірақ малдың иесі кім екенін анықтай алмаған. Дәл осындай оқиға 29 сәуірде 468 шақырымдағы 5 пикетте болып, тағы да жылқыны пойыз басып кетті.

«Жол бүлінбегенмен локомотив автотізбегі бүлінді. Мұның бәрі компанияға уақыт пен материалдық тұрғыдан шығын келтірді», – дейді Әлішер.

Жайнақ-Нұр-Сұлтан аралығында мамыр айында болған оқиға кезінде басылған жылқының иесі табылып, оған әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Елордалық азамат малын қараусыз жібере салған. Мұндай оқиғалар маусым айында 4 рет, шілдеде 4 рет, тамызда 1 рет, қыркүйек айында 3 рет болыпты. Көп жағдайда жолға қараусыз ірі малдың шығып кетіп жататынын айтады теміржолшы маман.

«Біріншіден, малды теміржол маңайына жаяр болса, жолдан 300 метр әрі жаю керек. Теміржолдан 2000 метр қашықтықта жайылар болса, міндетті түрде мал қараусыз болмауы тиіс. Малды теміржолдан өткелдер, жол өтпелері, арнайы мал өтуге арналған жерлер арқылы ғана өткізу керек. Алайда, осы жерлердің өзінен малды тұман түскенде, нөсер жауында, боранда және түнде өткізуге болмайды», – дейді ол.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті