Дисконттық карталардың жолаушылар үшін тиімділігі зор

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың бес айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған пойыздармен 5 миллион 212 мың жолаушы тасымалданған. Халықты сапалы әрі қолжетімді көлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырған ұлттық тасымалдаушы уақыт талабына сай сервистік қызмет көрсету сапасының жетілдіріп келеді.

Әрине, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру барысында билет сату жүйесінің орны ерекше. Осы орайда «Жолаушы тасымалы» компаниясының технологиялық мүмкіндіктері арқасында бүгінде халықтың басым бөлігі, вокзал жеке билет кассаларының табалдырығын тоздырмай, билетті үйден шықпай-ақ рәсімдей береді. Мәселен, 2022 жылдың 5 айында 8 543 909 электрондық билет сатылса, соның 70% немесе 5 930 492-сі онлайн ресімделген. «Күту парағы» қызметін қолданушылар қатары да жылдан жылға көбейіп келеді екен. Айталық, бес ай ішінде бұл қызмет алаңына 97 мыңға жуық өтінім келіп түсіп, оның 66 мыңнан астамының сұранысы қанағаттандырылған. Бірақ нақты сатып алынған билет саны 34 мыңнан асқан екен. Демек, күту парағына тапсырыс бергендердің дені жеме жемге келгенде шыққан билетті сатып ала бермейді деген сөз.

Қалай десек те, осындай заманауи технологияларды енгізу арқылы адамдардың алтын уақытын үнемдеуге жағдай жасаған «Жолаушылар тасымалы» компаниясы биыл да бірқатар сервис түрлерін қайта жандандырып, халықты жақсы жаңалықтармен қуантып отыр. Айталық, 2022 жылдың 15 маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға, яғни маусым айындағы жағдай бойынша 38 маршрут бойынша пойызбен жиі саяхаттайтын жолаушыларға жаңа «Күміс» дисконттық картасының іске қосылуы. Бұл карта билет құнының 25% үнемдеуге мүмкіндік береді. Құны 7999 теңге тұратын картаның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл.  

– «Күміс» дисконттық картасы – дербес, яғни сатып алушы адамның ғана атына тіркеледі. Картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларынан және билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде де пайдалануға болады. Жоба пилоттық болғандықтан, карталар саны шектеулі. Барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады. Осы ретте, темір жол билеттерін сатып алу және ресімдеу кезінде жеңілдікке ие жолаушыларға «жеңілдік» және «баға шегерімі» санатын дұрыс таңдауға кеңес берер едік, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов. 

Ол сонымен қатар «Алтын», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконттық карталарының да қолданысқа енгізіліп, жолаушылардың пайдалана бастағанын атап өтті. Бұл карталардың ерекшелігі неде дейтін болсақ, бағасы 19999 теңгені құрайтын және билет құнынан 25% шегерім жасауға мүмкіндік беретін «Алтын» дисконттық картасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық пойыздарына жарамды. «Жастар» картасы 16 – 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналып, бағасы 3000 теңгені құрайды. Бұл дисконттық карта «Тальго» коммерциялық пойыздарының «Турист» (2Д) және «Отыру орындары» (2С) санаттарына 25% жеңілдікпен билет сатып алу мүмкіндігін береді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұсынып отырған «Саяхатшы» тегін дисконттық жинақтаушы картасы бойынша жеңілдіктер мөлшері, коммерциялық бағдарлар бойынша соңғы 12 ай ішінде жолаушылар пойыздарындағы жалпы іссапар бағасына байланысты болмақ. Яғни, дисконттық картада жинақтаған сомасы 100 000-нан 150 000 теңгеге дейін болса, жеңілдік мөлшері 10%, 150 000-нан 200 000 теңгеге дейін – 15%, 200 000 теңгеден жоғары – 20% құрамақ. Бұл карталарды да «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол вокзалдарында орналасқан билет кассаларынан сатып алуға болады.

Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды
Жаңалықтар
01.04.2026
«Бақты – Аягөз» жобасы назарда
Әлемде
01.04.2026
Alstom Белград метросының алғашқы желісіне пилотсыз пойыздар жеткізбек
Жолаушылар тасымалы
01.04.2026
Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?
Жаңалықтар
31.03.2026
ҚТЖ-да еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Әлемде
31.03.2026
2026 жылы Қытай - Еуропа бағытындағы жүк тасымалы 25%-ға артты
Жаңалықтар
31.03.2026
Қарағанды облысында жолаушыларды темір жолмен тасымалдау тарифі өзгереді
Жаңалықтар
31.03.2026
Қазақстан темір жолы Starlink жүйесін енгізуде
Жүк тасымалы
31.03.2026
Каспий теңізі: үміт пен күдік
Аймақтар
31.03.2026
Жамбылға жеті автокөлік келді
Қауіпсіздік
31.03.2026
Шұғыл тежелу – үлкен шығын
Темір жол тарихы
31.03.2026
Майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
ҚТЖ келбеті
31.03.2026
Парасат биігінде
Жаңалықтар / Мұрағат
31.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №24 31 наурыз 2026 жыл
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
Сұранысқа сай сервис
Спорт
30.03.2026
Атыраулық теміржолшылар баскетболдан үздіктерді анықтады
Аймақтар
30.03.2026
Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады
Жаңалықтар
30.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы кезекті халықаралық сапарын аяқтады