Жолаушылар пойыздарына бақылау күшейтілді - ҚТЖ

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жолаушылар пойыздарына бақылау күшейтілді. Атап айтқанда, 2022 жылдың алғашқы бес айында 200 жолаушылар пойызына тексеріс жүргізілген. Бұл туралы Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

Қорытындысы бойынша 431 рет жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптары бұзылғаны анықталған. Бүгінгі күнге дейін 31,2 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген. 

Отандық темір жол және әуе тасымалдаушы компания өкілдері жол жүру билеттерінің өсуі мен сервис сапасы жайында, сондай-ақ рейстердің келу және жөнелтілу барысында туындаған мәселелер төңірегінде де түсініктеме берді. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, бүгінгі күні еліміздің темір жол желісі арқылы жолаушылар 138 бағытта тасымалданса, оның 104-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншісінде, 28-і жеке тасымалдаушылар, 6-уы көрші елдердің пойыздары болып отыр. «Шілде-тамыз айларында қосымша үш жаңа бағдар іске қосылады. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан – Шымкент, Нұр-Сұлтан – Қостанай және Нұр-Сұлтан – Алматы. Бастапқы екі бағдар бойынша пойыздар Тальго вагондарынан жасақталатын болады», – деп атап өтті Жәнібек Тайжанов.

 Оның айтуынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарамағында 2215 вагон бар, оның 670-і Тальго құрамдары, ал қалғаны стандартты ескі үлгідегі вагондар екен. Олардың арасында желдеткіші жоқтары да бар. 

«Өткен жылы біздің тарапымызға айтылған сын-ескертулерді ескере отырып, биыл Алакөл курорттық аймағына қатынайтын пойыздар түгелдей желдеткіші бар вагондардан жасақталды. Биылғы жылы Алакөлге барлығы 11 бағыт бойынша жолаушылар пойыздары қатынауда. Оның 9-ы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының, ал екеуі жеке тасымалдаушылар пойызы. Бұдан бөлек биыл ҚР ИИДМ Көлік комитетімен бірлесіп, алғаш рет Алматы – Достық бағыты бойынша Тальго вагондарымен екі пойыз қатынасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар халықаралық рейстер ашылды. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекетаралық 11 бағдар бар, олар Ресейдің Омбы, Самара, Астрахан қалаларына, Өзбекстан және Қырғызстан астаналарына қатынайды», – деп түйіндеді сөзін спикер. 

БАҚ өкілдерінің сервис, билет сатылымына қатысты сұрақтарына «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетудің жаңа стандарттары енгізілгенін, оның шеңберінде пойыз жолға шығар алдында, жол үстінде әр төрт сағат сайын тазаланып тұратынын және сапардан оралған соң тағы да тазалық жұмыстарынан өтетінін айтты. Ал билет сатылымына қатысты спикер екі жылдан бері «Мобиус» бағдарламасы жұмыс істеп жатқанын және ол билетті алыпсатарлыққа жол бермейтінін, сондықтан бүгінде бұл мәселе толық шешілгенін мәлімдеді.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға