Жезқазғанға жаңа пойыздардың қатынауы туристердің көптеп келуіне ықпал етпек

Жолаушылар тасымалы
10.11.2022, 16:41
Оқуға 3 мин

Темір жол саласы ел экономикасының күретамырына қан жүгіртіп, серпін беріп отырғаны жасырын емес. ҚТЖ жүк тасымалынан бөлек, ішкі туризмнің дамуына да өз үлесін қосып келеді.

Осы жылдың қыркүйегінен бастап Жезқазғанға Алматы мен Астана сияқты еліміздің ірі қалаларынан жүрдек пойыздар біраз үзілістен кейін қайта қатынай бастады. Бұл рейстердің ашылуы Ұлытау облысына республикамыздың үлкен қалаларынан қонақтар мен туристердің көптеп келуіне ықпал ететіні сөзсіз. Өйткені еліміздің орталығында орналасқан Ұлытау облысы киелі жерлерге бай. Ел тұрғындары қауіпсіз көлік ретінде пойызды таңдайтынын ескерсек, алдағы уақытта Жошы хан мен Алаша хан кесенелері, Домбауыл, Әулие Теректі және өзге де тарихи орындарға келетіндер қарасы арта түспек.  

Жошы хан тарихи мәдени кешеніне бару үшін пойызбен Жезқазған қаласына жетсеңіз болғаны, ары қарай автобус немесе таксимен 50 шақырым жол жүріп, киелі жерлерді аралай бересіз.  

«Жошы Хан тарихи-мәдени кешені» Орталық Қазақстан аумағында, Жезқазған қаласынан солтүстік - шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Нысанның жалпы ауданы - 2067,68 шаршы метр. Басқа да тарихи кешендер осы Жошы хан кесенесіне жақын орналасқан, бұл туристер үшін өте ыңғайлы. Жошы хан кесенесіне келген адам Алаша хан басына соқпай қайтпайды, тарихшылар бұл киелі жерде Едіге, Тоқтамыс, Ежен, Хақназар, Тәуекел хандар жерленген деп те айтып жүр.

Аталған кешеннің директоры Манат Такешов Жезқазған өңірінің туристік тартымдылығы жоғары екенін, негізгі нысандар Алтын Орда дәуірінен қалған ескерткіштер мен өңірдің киелі орындары дейді.

«Өңірде Жошы хан мен Алаша хан кесенелері, Домбауыл, Әулие Теректі және басқалары киелі жер болып табылады.  Негізгі туристік маршруттың картасына 8 тарихи ескерткіш қосылды. Кешенге республиканың, алыс және жақын шетелдерден туристер келіп жатыр. Кешенде келуші қонақтар үшін барлық жағдайлар бар. Шайхана, қонақ үй және  намазхана қарастырылған», – дейді М. Такешов.

Жошы хан кешеніне 2022 жылдың 1 ақпаны мен 3 қараша аралығында 13 834 адам келген. Оның ішінде ересектер саны – 10 972, балалар – 2 862. Кешен директоры Жезқазғанға еліміздің екі ірі қаласынан пойыздың қайта қатынауы туристер санын арттыра түседі деп санайды. Оның айтуынша, тарихи жерлерге туристер негізінен жылы мезгілде көптеп келеді, сондықтан алдағы көктемнен бастап кешенге келушілер саны арта түспек.

«Қыркүйек айынан бастап, Алматы-Жезқазған және Астана-Жезқазған бағытындағы «Тальго» пойыздары іске қосылғалы бері, Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне туристердің келуі үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Осы пойыздардың іске қосылуы Жезқазған өңіріне келетін туристер санынының көбеюіне оң ықпал ететініне сеніміміз зор», - дейді кешеннің директоры.

Қыркүйектен бастап жүре бастаған «Алматы-Жезқазған» жүрдек пойызы 22 вагоннан тұрады. Билет бағасы 9500 теңгеден басталады. Кестеге сәйкес жүрдек пойыз Алматыдан тақ күндері, Жезқазғаннан жұп күндері жөнелтіледі.  

Ал, «Астана-Жезқазған» бағытындағы жүйрік пойыздың артықшылғы көп. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жолаушылар жол бойында Vputi. kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда қарастырылған.  Бұл пойыз да екі күнде бір қатынайды, яғни жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері Жезқазғаннан кері бағытта жүреді. Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Билет құны 7000 тг басталады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған купелер де бар. Оларға билет 90 пайыз жеңілдікпен сатылады. Қазір Жезқазған станциясына 6 қалаға апаратын пойыздар тоқтайды. 4-і өзге аймақтарға қатынайды. Қалған екеуі Астана мен Алматыға апаратын пойыздар.

 

Жаңалықтар
14.10.2026
ҚТЖ Translogistica Kazakhstan-да
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр