Туристер үшін Алакөлге дейін «Астана-Достық» пойызы іске қосылады

Жолаушылар тасымалы
09.03.2023, 09:38
Оқуға 1 мин

2023 жылы Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут бойынша пойыздың жүруі жалғасады. Алғаш рет «Астана-Достық» бағытында «Тальго» пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жазғы маусымда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті. Аталған жиынға «Атамекен» ҰКП, туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтардың, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өткен жылы Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілгені атап өтілді. Еліміздің оңтүстік өңірінен үлкен ағын байқалды – 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, ШҚО-дан – 52 мың. 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі  қолданыста болады.

Жәнібек Тайжанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, әуе компанияларымен және автотасымалдаушылармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөл бағытында интермодальды тасымалдауды (көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау) қалыптастыру мәселесін қарастыратынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды