Қазақстанда жолаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынылуда

Жолаушылар тасымалы
13.07.2023, 11:22
Оқуға 2 мин

Кез-келген дамыған мемлекеттің көлік инфрақұрылымын интермодальды немесе мультимодальды тасымалдаусыз елестету мүмкін емес.

Интермодальды тасымалдау – бұл берілген маршрут бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын әртүрлі және тартылған көлік түрлерінің кешені.

Қазақстанда интермодальды тасымалдауға деген қажеттілік те артып келеді.

Бүгінде жолаушыларға 4 интермодальдық қызмет көрсетілді.

  • «Қайта отырғызып жеткізу» онлайн-сервисі. Бұл жүйе ыңғайлы сапар ұсыну және уақытты үнемдеу мақсатында жолаушыға пойыздан пойызға ауыстыра отырып, межелі жерге дейін жол жүрудің мүмкін нұсқаларын таңдайды. Ағымдағы жылдың басынан бері жолаушылар 5 000 астам билет ресімдеді.
  • «Перроннан үйге дейін» қызметі. ІТ компаниясымен бірлесіп автобуспен Нұрлы Жол вокзалынан үйге жолаушылар трансфері ұйымдастырылды. Бұл қызметті әзірге 3/4 Алматы – Астана және 85/86 Шымкент – Астана пойызының жолаушылары пайдалана алады.

Қызмет белгіленген құны 850 теңге болатын қала шегінде Нұрлы Жол вокзалынан пойыздың келуімен жолаушыларды қажетті мекен-жайға дейін тасымалдауды көздейді. Қызметті пайдалану үшін жолаушыға жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеу, қажетті мекен-жайды көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. 

Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік «Нұрлы жол» вокзалының ішіндегі №2 келу залында күтетін болады. Осы қызметтің шаттлдарымен 2100 астам жолаушы тасымалданды. Кейіннен қызмет Астана мен Алматы арасында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздары бойынша мүмкін болады.

  • «Тапсырысты автобус» жаңа қызметі жолаушылардың ұйымдастырылған тобы үшін қызғылықты болады. Жоба Астана қаласына пойызбен қала маңындағы және қалааралық қатынаста, оның ішінде Бурабай, Зеренді, Баянауыл, Степногорск және т.б. бағыттарға келген жолаушылардың ұйымдасқан тобын тасымалдауды көздейді. Қызметке сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады.
  • «Тұрақты шаттл» қызметі. Жоба «Қосшы қаласы – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Нұрлы Жол теміржол вокзал кешені» бағыты бойынша жолаушыларды шаттлмен күнделікті тасымалдауды көздейді.

Тұрақты шаттл күн сайын келесі сағаттарда жөнелтіледі: сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына; сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына; сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға; сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін шаттл вокзал алдындағы алаңда, әуежайда тұрақтың бірінші желісінде және Қосшы қаласында «Әйгерім» СҮ» жылы аялдамасында күтеді. Қызмет құны 950 теңгені құрайды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті