Елімізде жыл сайын 13 миллионнан астам адам теміржол көлігі қызметін пайдаланады

Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаз – адамдардың еңбек демалысына шығып, арлы-берлі ағылатын кезі. Бірі жайлы мезгілде басқа қалада тұратын тума-туыс, балаларын аралауға шықса, енді бірі шипажайға ем-дом алуға немесе саяхаттауға шығады. Қазақстанда жыл сайын 13 миллионнан астам адам теміржол көлігі қызметін пайдаланады екен.

Оның үстіне, соңғы жылдары елімізде ішкі туризм белсенді дамып келеді, ол біздің отандастарымыздың белгілі бір талғамы мен қалауына, дәлірек айтсақ, сапарлаудың қолжетімділігі мен жайлылығына байланысты қалыптаса бастады.  

Сондықтан ұлттық тасымалдаушы сырт қалмай, елдің туристік әлеуетін дамыту процесіне белсенді араласуда. Бүгінгі таңда жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауды 100-ден астам маршрут бойынша бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырады, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ шоқтығы биік.  

Ұлттық тасымалдаушы мәртебесіне ие компания соңғы жылдары сервистік қызметті айтарлықтай дамытуда. Жолаушыға тек пойызбен шектелмей, ел ішінде жүріп-тұрудың оңтайлы маршрутын таңдауға мүмкіндік беретін «Интермодальды тасымалдау» жобасын дамыту компанияның басым міндеттерінің бірі болып табылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан ұсынылып отырған төрт интермодальдық қызметтің бірі «Қайта отырғызып жеткізу» онлайн-сервисі. Ағымдағы жылдың басынан бері жолаушылар аталған жүйе арқылы 5 000 астам билет ресімдеді. Бұл жүйе ыңғайлы сапар ұсыну және уақытты үнемдеу мақсатында жолаушыға пойыздан пойызға ауыса отырып, межелі жерге дейін жол жүрудің мүмкін нұсқаларын таңдайды.  

Екінші, «Перроннан үйге дейін» қызметі ІТ компаниясымен бірлесіп, яғни автобуспен Нұрлы жол вокзалынан үйге дейін жолаушылар трансфері ұйымдастырылды. Бұл қызметті әзірге 3/4 Алматы – Астана және 85/86 Шымкент – Астана пойызының жолаушылары пайдалана алады. Қызметті пайдалану үшін жолаушыға жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеу, қажетті мекен-жайды көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік «Нұрлы жол» вокзалының ішіндегі №2 келу залында күтетін болады. Осы қызметтің шаттлдарымен 2100 астам жолаушы тасымалданды. Ал «Тапсырысты автобус» жаңа қызметіне жолаушылардың ұйымдастырылған тобы қызығушылық танытып отыр. Жоба Астана қаласына пойызбен қала маңындағы және қалааралық қатынаста, оның ішінде Бурабай, Зеренді, Баянауыл, Степногорск және т.б. бағыттарға келген жолаушылардың ұйымдасқан тобын тасымалдауды көздейді. Қызметке сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады.  

Соңғы «Тұрақты шаттл» қызметіне келсек, жоба «Қосшы қаласы – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Нұрлы жол теміржол вокзал кешені» бағыты бойынша жолаушыларды шаттлмен күнделікті тасымалдауды көздейді. Тұрақты шаттл күн сайын таңғы сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына; сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына; сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға; сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға қатынайды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін шаттл вокзал алдындағы алаңда, әуежайда тұрақтың бірінші желісінде және Қосшы қаласында «Әйгерім» СҮ» жылы аялдамасында күтеді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты