Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 35 арнайы вагон сатып алынады

Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолының жолаушы тасымалын әлемдік стандарт талаптарына сәйкестендірудің бір шарты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдай жасау. Осы орайда алдағы уақытта 35 арнайы вагондар сатып алынбақ.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеп отыр. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Атап айтқанда, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер Казахстан» ЖШС-нен 537 вагон сатып алу жоспарлануда. Соның ішінде , жүк көтергіш механизмдермен жабдықталған мүгедектерге арналған вагондар саны – 35 бірлік. Вагондардың алғашқы легі, 6 вагон 2025 жылы, 2026 -2029 жылдар аралығында жыл сайын тағы да алты вагоннан 24 вагон болса, 2030 жылы 5 вагон сатып алынбақ. Ал қазіргі уақытта тасымалдаушылар тарапынан 37 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтарымен бірге бар 80 вагон бар. Оның ішінде, «Тальго» вагондарында – 20 бірлік, стандартты пойыздарда – 60 бірлік. Осы вагондардың 28 бірлігі көтеру механизмімен жабдықтаса, 52 вагонда мұндай құрылғы жоқ.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға