Жолаушылар вагоны жыл сайын жаңарып келеді

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қолданыстағы жолаушы вагондары паркін жаңартуда жыл сайын жаңа қадамдар жасауда. 2010-2022 жылдар аралығында компания тарапынан 1224 вагон сатып алынса, оның 676 бірлігін Тальго вагондары құрайды. Бұл өз кезегінде парктің орташа тозу деңгейін 73%-дан 46%-ға дейін төмендетті.

Бүгінде Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагон паркінде 2106 бірлікке жуық вагон бар, соның 32%-ның «жас» шамасы 20 жылдан жоғары. Компания паркті жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, 2030 жылға дейін Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Ал биыл жолаушылар вагон паркі 50 заманауи вагонмен толығатын болса, келесі жылы 100 вагон келіп қосылмақ.  

Ұлттық тасымалдаушының жалпы паркіндегі вагондардың 76%-ы ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Вагондар паркінің 24%-ында, яғни 515 вагонда ауа баптағыш дайындаушы зауыттың конструкциясы бойынша қарастырылмаған. Мұндай вагондарда – авариялық жағдайларда ашылатын және Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерінің және Техникалық пайдалану ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келетін авариялық купелерден басқа барлық купелерде терезе ашу мүмкіндігі бар. Ауа баптау жүйесі жоқ вагондарға келсек, олар алдағы жылдары қызмет ету мерзімінің таяп қалуына сәйкес алып тасталынбақ.  

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жол жүру тарифі инфляция деңгейінен төмен – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ке ұлғайды. Теміржол билеттеріне сұраныс жаз маусымында және мереке күндері байқалады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда орындар босаған жағдайда жолаушыларды бос орындармен қамтамасыз ету мақсатында bilet.railways. kz сайтында клиентке брондалған орындар фактісі туралы СМС жіберуді растай отырып, кезектілік тәртібімен билеттерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Күту парағы» қызметін енгізді. Биыл жыл басынан бері «Күту парағы» қызметі арқылы 198 мың өтінім келіп түсіп, 69 мың жолаушы аталған қызмет көмегіне жүгіне отырып билет сатып алған.  

Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушы 15-25 жас аралығындағы жолаушыларына «Жастар» дисконттық картасын ұсынып отыр. Бұл карта жастарға қала маңы қатынасындағы пойыздарға 25% көлемінде жеңілдікпен жүруге мүмкіндік береді.  

Ертеректе «Жастар» дисконттық картасының жеңілдігі Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы жол Астана станциясынан Шымкент бағытындағы коммерциялық пойыздарға таратылған болатын. Енді дисконттық карта жеңілдігі пилоттық режимде қала маңына қатынайтын пойыздарға 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында қолданыста болады.  

Қазақстанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан басқа тағы 13 жеке тасымалдаушы теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты