Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен ерекше жолаушыларды тасымалдау 64% өсті

Жолаушылар тасымалы
18.09.2023, 11:40
Оқуға 2 мин

Ерекше қажеттіліктері бар 367 мыңнан астам жолаушы 2023 жылдың 8 айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64% артық.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған орындары бар 87 вагон бар. Олар 36 бағыт бойынша жүреді. 2023 жылдың соңына дейін 13 вагон арнайы жолаушыларға арналған бір купені бейімдейтін болады. 2025 жылға дейін қимылдауы қиын жолаушыларға арналған купесі бар тағы 11 вагон сатып алынатын болады, сондай-ақ вагондарда мүгедектер арбасына арналған көтергіш тетіктер, мамандандырылған санитарлық тораптар және т.б. көзделетін болады. 2030 жылға дейін Stadler технологиясы бойынша ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған купесі бар 35 вагон келіп түседі деп күтілуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін темір жол көлігінде жол жүруге жеңілдіктер қарастырылған:

- әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша 50%;

- Тальгоның коммерциялық бағыттары бойынша мамандандырылған купеге 70% мөлшерінде, оның ішінде еріп жүретін тұлға үшін де.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін темір жол билеттерін онлайн сатып алу жеңілдетілген. Енді олар жеңілдікті билеттерді тек ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) және мүгедектік туралы анықтама нөмірлерін енгізу арқылы ресімдей алады. Бұл жағдайда 6 таңбалы әлеуметтік ID кодын ұсынудың қажеті жоқ.

Теміржол билеттерін онлайн режимінде билеттерді сату жөніндегі ресми bilet.railways.kz порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ т/ж билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарында сатып алуға болады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті