Вагон паркін жаңарту жалғасады

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тарих қойнауына табысталған өткен жылды табысты тәмамдады. Былтыр барлығы 19 миллион билет сатылса, соның ішінде онлайн-сатылым үлесі 77% құраған. Демек, халықтың басым бөлігі пойызға билет сатып алуда электрондық жүйеге ден қойған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, жалпы ұлттық тасымалдаушы жылына орташа есеппен алғанда 13,5 млн жолаушыға қызмет көрсетіп отыр. Қазақстандықтар арасында билетке сұраныс жоғары бағыттар қатарында Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей бағдарлары болып отыр.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың өтініш-тілектерін қанағаттандыру және оларға мейлінше қолайлы жағдай жасау бағытында игілікті іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Соның бірі, әйелдер вагонын пайдаланушылар қатары жылдан-жылға артып келе жатқанын атар едік. №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №351/352 «АлматыМаңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан», №37/38 «Маңғыстау-Семей», №47/48 «АтырауАстана», №33/34 «Ақтөбе-Алматы-1», №4/3 «Астана-Алматы-2», №71/72 «Астана-Шымкент» бағдарлары бойынша қатынайтын 8 жолаушылар пойызына тіркелген әйелдер вагонын былтыр 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Сонымен қатар 532 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар, олардың жүріп тұруына ыңғайлы купелер қызметіне жүгінген.  

Көптің көңілінен шығып, сұранысқа ие болып отырған «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұсынып отырған келесі бір қызмет – «Күту парағы» десек, қателеспейміз. Былтыр осы қызметке 500 мыңға жуық жолаушы жүгініп, 172 мың билет сатылған. Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында пайдалану мүмкіндігі бар.  

Қазіргі таңда Қазақстанда 140 бағдар бойынша пойыздар қатынаса, соның 99 бағдарына «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсетеді, ал 14 бағдар жекеменшік, тағы 10 бағдар өзге теміржол әкімшіліктерінің еншісінде. Ұлттық тасымалдаушының вагон паркінде 2151 бірлік шамасында вагон бар және парктің орташа тозуы 44%-ды, ал вагондардың орташа жасы 17 жылды құрап отыр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркін кезең-кезеңмен жаңартуда. Компания былтыр отандық «ЗИКСТО» зауытымен жолаушылар вагондарын сатып алуға келісімшарт жасасып, зауыт тарапынан 94 жаңа вагон жеткізілді. Бүгінде олар «Маңғыстау-Атырау», «Ақтөбе-Атырау» және «Павлодар-Түркістан» бағдарларында қатынауда. Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін жаңа вагондар ауа баптау жүйесімен, ауа сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурларда бейнебақылау жүйелерімен, ал купелер электр розеткаларымен және USB-лермен жабдықталған. Вагондар дұрыс пайдаланылған жағдайда жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі 40 жылды құрамақ. Жолаушылар вагондарын жаңалау биыл да жалғасады. Қазақстанда жасалған тағы 62 бірлік вагон жеткізіледі деп күтілуде. Ал 2025-2030 жылдар аралығында Stadler компаниясының 537 вагонын сатып алу жоспарлануда, бұл 2030 жылға қарай парктің орташа жасын 13 жасқа дейін қысқартпақ.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты