«Перроннан үйге дейін» қызметі тағы екі бағыт бойынша ашылды

Жолаушылар тасымалы
04.04.2024, 11:57
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодальдық тасымалдау сервисін жақсарту мақсатында 4 сәуірден бастап тағы екі жолаушылар пойызында трансферді іске қосады. Енді №71 «Шымкент–Астана» және №7508 «Көкшетау–Астана» бағытарының жолаушылары елорданың теміржол вокзалынан үйге дейін жайлы трансфермен жете алады.  

«Нұрлы жол» вокзалының №1 келу залында пойыз толық тоқтағаннан кейін трансфер жолаушыларды 15 минут ішінде күтеді. Содан соң салонның толуына қарамастан жолға шығады. Автобус жолағын пайдалануға рұқсат етілген трансфер жолаушыларды діттеген мекенжайға дейін тез жеткізеді.

Қызметтің құны жолаушылардың барлық санаттарына қолжетімді болу үшін 850 теңге болып белгіленген.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылады. «Перроннан үйге дейін» қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 6 мыңнан астам жолаушы пайдаланған. Бұл көрсеткіш қызметтің жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие болғанын растайды. Бүгін біз бұл қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны тағы да екі бағытта іске қостық» - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Бұған дейін бұл қызмет тек №3 «Алматы–Астана», №67 «Өскемен–Астана» және №85 «Шымкент–Астана» жолаушылар пойыздарында қолжетімді болған.  

Трансферге тапсырыс беру үшін азаматтар жолаушылар вагондарында көрсетілген QR кодын сканерлеп, өзіне қажетті мекенжайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу керек. Сонымен қатар, жолаушылар вокзалдан үйге дейін трансферді https://uvu.kz/ktz веб-сайт арқылы өздігінен тапсырыс бере алады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті